16.09.2022, 15:03 15021

ҚТЖ мен Huawei ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Компаниялар арасындағы ынтымақтастық әлеуеті ҚТЖ-да заманауи инновациялық технологияларды бейімдеуге, сондай-ақ қызметтер сапасының ең жоғары стандарттарын қолдауға мүмкіндік береді.
ҚТЖ мен Huawei ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Сурет: ҚТЖ ҰК АҚ
НҰР-СҰЛТАН. 16 ҚЫРКҮЙЕК - "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мен "Huawei Technologies Kazakhstan" ЖШС ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымын дамыту, үлкен деректер, заттар интернеті және жасанды интеллект сияқты инновациялық технологияларды әзірлеудегі бірлескен жұмыс мақсатында өзара іс-қимылды көздейтін Стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ қозғалыс қауіпсіздігі деңгейіне, тасымалдау кезінде ұсынылатын қызметтер сапасына, транзиттен өту режиміне және теміржол тасымалы жүйелерінің біріктірілген жұмысына әсер ететін озық цифрлық технологияларды енгізу мен дамытуға ерекше назар аударады", - деп атап өтті компанияда.

 
 "ҚТЖ" ҰК" АҚ деректері бойынша, компаниялар арасындағы ынтымақтастық әлеуеті технологиялық процестің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ете отырып, Қазақстан темір жолдарында заманауи инновациялық технологияларды бейімдеуге, сондай-ақ қызметтер сапасының ең жоғары стандарттарын қолдауға мүмкіндік береді.
 
 "ҚТЖ" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасының Стратегия және цифрландыру жөніндегі орынбасары Әнуар Ахметжановтың айтуынша, деректерді беру желісін жаңғырту және озық технологияларды қолдану есебінен қозғалыс қауіпсіздігінің деңгейін, тасымалдау процесінің тиімділігін және еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік туады. Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру үшін ҚТЖ мен Huawei қазақстандық компаниялармен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында белсенді ынтымақтасуға және оларды енгізілетін озық технологияларды тиімді пайдалануға барынша тартуды қамтамасыз етуге ниетті.
 

Теміржол жұмыс процестеріне коммуникациялық технологияларды интеграциялау өндірістік мүмкіндіктерді сапалы жақсартуға, клиентке бағдарлануды арттыруға және барынша пайдалану тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деп атап өтті. – Huawei компаниясы ҚТЖ-ның цифрлық трансформациясын қолдауға әр кез де қуанышты. Қазақстан темір жолдарын цифрлық трансформациялауды жүзеге асыруға көмектесуге ұмтыла отырып, біз жоғары бейімділіктегі және икемділіктегі зияткерлік жоғары технологиялық шешімдерді ұсынамыз. Бұл шешімдер қауіпсіз, ақылды және тиімді теміржол көлігі жүйелерін құру үшін бұлтты қызметтер мен байланыс қызметтерін ұсынады", - деп атап өтті Huawei Technologies Kazakhstan Бас директоры Макс Чжао Сюй.

 
Стратегиялық Келісім ұзақмерзімді болып табылады. Нәтижелерге таяудағы бес жылда қол жеткізу жоспарланып отыр.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны