27.08.2022, 14:17 22481
Зауыттар ең жоғары қуатында жұмыс істеп тұр: Павлодар МХЗ-да дизель отынының жағдайы талқыланды
Үш ірі МӨЗ-дің 2022 жылға арналған мұнай өңдеу жоспары 2021 жылмен салыстырғанда шамамен 1 млн тоннаға ұлғайды. Осылайша, биыл ҚМГ 17 млн тоннаға жуық мұнай өңдейді. Бұл ретте, зауыттар ең жоғары қуатында жұмыс істеп тұр, соған орай жабдықтардың техникалық жағдайы тәулік бойы бақылау жүргізуді талап етеді", - деді жиында Мырзағалиевтің орынбасары Арман Қайрденов.
Сонымен қатар, ЖҚС өкілдерінің айтуынша, бүгінде ішкі нарықта дизель отынына шамадан тыс жоғары сұраныс байқалады. Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанмен шекаралас аймақтарда дизельге үлкен сұраныстың есебінен соңғы жылдары Қазақстанда дизель отынын тұтыну көлемі өсуде. Бұл осы мемлекеттерден транзитпен өтетін ауыр жүк автомобильдерінің жанармайды құйып әкетуі салдарынан болып отыр, тіпті дизель отынын контрабандалық жолмен әкету мүмкіндігі де жоққа шығарылмайды. Мұның бәріне шекаралас елдермен дизель отынына бағаның диспаритеті әсер етеді.
Отандық ЖҚС өкілдері атап өткендей, Қазақстанда дизель отынының бөлшек саудадағы құны ресейдікінен 1,5 есе арзан. Айталық, 2022 жылдың тамызында ресейлік ЖҚС-те дизель бағасы литріне 429 теңге болса, Қазақстанда литріне 238 теңге болды.
Нәтижесінде бағасы арзан қазақстандық отын шекаралас аймақтарға кетіп, көрші елдердің нарығын субсидиялап отыр. Ішкі нарықтағы жанар-жағармай материалдарының ағымдағы ұсынысына Қазақстан мен Ресейге Орта Азия елдерінен ауылшаруашылық және жеміс-көкөніс өнімдерінің белсенді тасымалдануы қосымша қысым көрсетеді", - деді Қайрденов.
А.Қайрденовтың мәліметі бойынша, Қазақстан Республикасында 2020 жылмен салыстырғанда дизель отынын ағымдағы тұтыну көлемі кемінде 800 мың тоннаға өседі. 2020 жылы бұл көрсеткіш 4,7 млн тонна болса, 2022 жылдың қорытындысы бойынша 5,5 млн тонна болады деп күтіледі.
ҚМГ басшысы М.Мырзағалиев жұмыс жиынын қорытындылай келе, алдағы күзгі дала жұмыстары кезінде ел нарығына дизель отынын тұрақты сатуды қамтамасыз етіп, ҚМГ мұнай өңдеу зауыттарының апатсыз жұмысын және 2022 жылға арналған өндіріс жоспарының орындалуын бақылауға алуды тапсырды. Бұдан бөлек, мұнай өңдеу зауыттарынан жанармайды үздіксіз жөнелту үшін вагон мен локомотивтерді уақтылы беру бойынша "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясымен өзара іс-қимылды күшейту қажет.
М. Мырзағалиев мұнай өнімдерінің тапшылығын болдырмау мақсатында Шымкент МӨЗ-нің жоспарлы жөндеу жұмыстары биылдан келесі жылға шегерілгенін де айтты.
Бұған дейін Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанның автожанармай құю станцияларында отын сату 2-2, 5 есе өскенін хабарлады.
ҚР Энергетика министрлігі мен ірі АЖҚС желілері дизель отыны мәселелері бойынша азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қабылдау үшін "жедел желіні" іске қосты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
27.06.2025, 17:47 10226
Транскаспий бағыты бойынша тасымалдау көлемі 62%-ға өсті
Транскаспий бағыты бойынша тасымалдау көлемі 62%-ға өсті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 4,5 млн тоннаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 62%-ға өсті.
Бұл ретте жалпы транзит көлемі 4 есеге, ал Қытай елінен 28 есеге артты.
Алматы, Қызылорда және Шымкент әуежай ларын да үш жаңа терминал пайдалануға берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.06.2025, 15:20 9656
Қазақстанда инвестициялардың өсуі 10%-ға жетті
Инвестициялардың жалпы көлемінің 19,4 трлн теңгесі - 79%-ға жуығы жеке секторға тиесілі
Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар өткен жылмен салыстырғанда 2024 жылы 10%-ға артып, тұрақты оң серпінді көрсетуде. Бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді. Соңғы бес жылда бұл көрсеткіштің өсуі 55%-ды құрады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Инвестициялардың жалпы көлемінің 19,4 трлн теңгесі - 79%-ға жуығы жеке секторға тиесілі. Өткен жылмен салыстырғанда үлестің шамалы төмендеуіне қарамастан, абсолюттік мәндерде жеке салымдардың көлемі - 14,7 трлн теңгеден 15,3 трлн теңгеге дейін өсті. Сонымен қатар мемлекеттік инвестициялар да - 2,9-дан 4,1 трлн теңгеге дейін айтарлықтай артты", - деп атап өтті Роман Скляр.
Аталған өсімге Үкіметтің инфрақұрылымды дамыту, экономиканы бюрократиядан арылту және ырықтандыру арқылы еліміздегі инвестициялық ахуалды түбегейлі жақсарту жөніндегі мақсатты жұмысы аясында қол жеткізілуде. Өткен жылы мемлекет инфрақұрылымдық базаны дайындауға - көлік желісінен энергетикалық қуаттарға дейін кеңейтуде елеулі жұмыс атқарды.
Инвестициялау ыңғайлы болуы керек және Үкіметтің, Инвестициялық штабтың және Инвестициялар туралы келісім сияқты тетіктер жұмысы дәл осыған бағытталған", - деп атап өтті Премьер-министрдің бірінші орынбасары.
Машина жасау, логистика және агроөнеркәсіп кешені сияқты негізгі секторларға стратегиялық инвесторларды тартуға ерекше назар аударылуда. Жүзеге асырылған жобалардың қатарында капиталды инвестициялап қана қоймай, жаңа технологияларды енгізуге, адами капиталды дамытуға және инновациялық экожүйелерді дамытуға ықпал ететін John Deere, KIA, YTO Express және Fufeng Group компанияларының жобалары бар.
Инвестициялау шарттарын жақсарту үшін арнайы құралдар: "жасыл дәліз", ұлттық цифрлық инвестициялық платформа және Инвесторлар проблемаларының бірыңғай тізілімі әзірленді. Үкімет жанындағы Инвестициялық штаб шешуші рөл атқарады, ол қазірдің өзінде $70 млрд астам сомаға 137 жобаны қарады. Сондай-ақ бюрократиялық кедергілерді азайту және инвесторлардың құқығын қорғау үшін 140-тан астам заңнамалық өзгерістерге бастамашылық жасады.
Мемлекет пен инвестордың өзара іс-қимыл шарттарын белгілейтін Инвестициялар туралы келісімдер құралына ерекше назар аударылады. 2024 жылы $2,3 млрд-қа осындай 6 келісім жасалды, ал 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында $15,8 млрд-тан астам сомаға 15 келісім жасалды. Инвестициялық келісу мерзімі бүгінде құжаттардың толық пакеті болған жағдайда екі аптадан аспайды", - деп атап көрсетті Премьер-министрдің бірінші орынбасары.
Инвестициялық ортаның қаржылық катализаторы және тұрақтандырушысы "Бәйтерек" ҰБХ болып саналады. Холдинг жеке және халықаралық банктер мен инвестициялық қорлардың ресурстарын тарту үшін тұрақты қаржы платформасын пайдаланады. Кейін жеңілдетілген қаржыландыру түрінде ірі жобаларға қаражат бағыттайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.06.2025, 14:16 9901
Қазақстандық кәсіпорын Қытайға күнбағыс майын экспорттайды
Қазақстандық кәсіпорын Қытайға күнбағыс майын экспорттайды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстандық Altyn Shyghys өңдеу зауыты қытайға тазартылмаған күнбағыс майының партиясын жеткізеді. Дайын өнімді сатып алушы ҚХР астық резервтерін қалыптастыруға жауапты Sinograin мемлекеттік компаниясының тапсырысы бойынша қытайлық CITIS Construction Co Ltd. корпорациясы болмақ. Уағдаластық қазақстандық кәсіпорын базасында күнбағыс тұқымын қайта өңдеуді және одан әрі Аспан асты еліне май жіберуді көздейді.
Жеткізу өткен жылы Азық-түлік келісімшарт корпорациясы фермерлер мен өңдеушілерді мемлекеттік қолдау құралы ретінде іске қосқан ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық партияларын шоғырландыру бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.
Оның мәні: оператор әр түрлі жеткізушілерден шағын көлемді өнімді толыққанды экспорттық партияларға біріктіреді және шетелдік тұтынушыларға жөнелтуді қамтамасыз етеді.
Бұл ретте корпорация тасымалдауды толық сүйемелдейді. 2024 жылы шоғырландыру жобасы бойынша Қытай мен Орталық Азияға жалпы құны 20 млн долларды құрайтын дәнді және майлы дақылдарды жеткізуге 6 экспорттық келісімшарт жасалды. Биылғы жылы Азық-түлік келісімшарт корпорациясы жұмысын жалғастырды, соның нәтижесінде ҚХР-на қазақстандық өндірістің 1,6 мың тонна жемдік ұн жөнелтілді.
Дайын қазақстандық өнімнің шетелдік нарықтарға шығуына салалық министрліктің, Азық-түлік келісімшарт корпорациясының және халықаралық әріптестердің бірлескен күш-жігері ықпал етеді. CITIC Construction келісімшарты Астана мен Бейжіңде агробизнестің қатысуымен өткен екіжақты кездесулер нәтижелерінің бірі болды. Қытайлық инвесторлармен және бейінді компаниялармен белсенді диалогты Азық-түлік келісімшарт корпорациясының ҚХР-дағы өкілдігі тұрақты негізде жүргізеді.
Бүгінде Қазақстанның аграрлық саясатының басты бағыты терең өңдеуге бет бұруда. Шоғырландыру бағдарламасы және үшжақты форвардтық сатып алу сияқты жобалардың көмегімен корпорация отандық өндірушілерге сыртқы нарықтарға шығуға көмектеседі, сондай-ақ өңірлерде қайта өңдеу қуаттарын жүктеуді ынталандырады. Бұл ел ішінде қосымша құн құруға және шағын және орта фермерлерге қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
CITIC Construction Co. Ltd - инфрақұрылымдық, өнеркәсіптік және аграрлық жобаларды жүзеге асыруға маманданған CITIC Group қытайлық мемлекеттік корпорациясының еншілес құрылымы. АӨК саласында компания Қазақстан аумағында астықты терең өңдеу зауытын салу мүмкіндігін қарастыруда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.06.2025, 12:37 27131
Сыртқы сауда алаңдарынан алынатын тауарлар декларацияланады
Сыртқы сауда алаңдарынан алынатын тауарлар декларацияланады, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметінен.
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамасында кедендік декларацияның жаңа түрі - электронды сауда декларациясы енгізіледі.
Электронды сауда тауарларының бүкіл көлеміне, яғни, жеке тұлғалардың сыртқы сауда алаңдарынан сатып алатын барлық тауарына декларация жүргізіледі. Бүгінде жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелу нормалары 200 еуродан немесе 31 келіден асқан кезде ғана декларацияланады.
Осы санаттағы тауарларға салық салу тәсілі де өзгереді. Кез келген сату көлемі үшін сатып алушы елінің ұлттық заңнамасына сәйкес сатушыдан қосылған құн салығы алынады. Егер бажсыз шек (200 еуро) асып кетсе, кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі (сатып алушы төлейді) 5 пайыз деп белгіленеді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, нормадан асқан жағдайда (200 еуро немесе 31 келі) сатып алушы тауар құнының 15 пайызын құрайтын жалпы кедендік баж салығын төлеуге міндетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.06.2025, 09:23 27381
Қазақстан еурооблигациялар шығару арқылы $2,5 млрд қарыз алды
Қазақстан еурооблигациялар шығару арқылы $2,5 млрд қарыз алды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ағымдағы жылғы 24 маусымда Қазақстан Республикасы халықаралық капитал нарығына 2,5 млрд. АҚШ долларындағы егеменді еурооблигацияларды орналастырды, оның ішінде:
- 7 жыл мерзімге 1,35 млрд АҚШ доллары сомасындағы транш, купондық мөлшерлемесі - 5%;
- 12 жыл мерзімге 1,15 млрд АҚШ доллары сомасындағы транш, купондық мөлшерлемесі - 5,5%.
Ұсыныстың алдында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Лондонда роудшоу өткізіп, оған шамамен 180 ірі инвестор қатысты. Еурооблигацияларға деген сұраныс ұсыныстан екі есе асып түсті, бұл Еуропа, АҚШ, Азия және Таяу Шығыс елдерінен келген әртараптандырылған әрі сапалы инвесторлардың жоғары қызығушылығын көрсетті.
Мұнай бағасының күрт төмендеуі, геосаяси тұрақсыздық және базалық мөлшерлемелердің құбылмалылығы сияқты күрделі нарықтық жағдайларға қарамастан, Қаржы министрлігі өте бәсекеге қабілетті табыстылықпен орналастыруға қол жеткізді. Алынған кірістілік деңгейі несиелік рейтингі жоғары (A/AA) Польша, Сауд Арабиясы және Чили сияқты елдердің көрсеткіштерімен салыстыруға келеді және BBB рейтингіндегі Мексика, Венгрия мен Перу сияқты елдерден айтарлықтай төмен болды.
Атап айтқанда, Қазақстан биылғы жылы A/BBB рейтингіндегі елдер арасында ең төменгі мөлшерлемелердің бірімен облигацияларды орналастыру бойынша рекорд орнатты.
Мұндай тиімді табыстылық деңгейлеріне елдің мықты макроэкономикалық көрсеткіштері - тұрақты экономикалық өсім, төмен мемлекеттік қарыз және жоғары сыртқы резервтер арқасында қол жеткізілді.
Мемлекет басшысының бастамасымен жүргізіліп жатқан салық-бюджет саласындағы реформалар мен саяси өзгерістер халықаралық инвесторлардың Қазақстанға деген сенімін едәуір арттырды.
Бұл орналастыру болашақта ұлттық компаниялар мен жеке сектор эмитенттердің шығарылымы үшін бенчмарк белгілеуге мүмкіндік берді.
Еурооблигациялар Лондон қор биржасында, Астана халықаралық қаржы орталығының биржасында және Қазақстан қор биржасында листингке енгізіледі.
Орналастыру нәтижесінде Қаржы министрлігі бұрын шығарылған және бұрын тартылған еурооблигацияларды толық көлемде қайта қаржыландырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.06.2025, 13:53 36146
Тоқаев: сарапшылар алдағы жылдары әлемдік ЖІӨ өсімінің шамамен 2,9%-ға дейін баяулауы мүмкін деп болжайды
Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-ші пленарлық отырысын өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесі мемлекет пен оның халықаралық серіктестері арасындағы стратегиялық ықпалдастықтың сенімді платформасы ретінде алдағы уақытта да қызмет көрсете беретінін атап өтті.
Аталған форум жиырма жылдан астам уақыт бойы Қазақстанда инвестицияға бағдарланған экожүйе қалыптастыруда маңызды рөл атқарып келеді. Біз Кеңестің белсенді қатысуымен елімізде инвестициялық ахуалды жақсартуға, ашықтықты арттыруға және кәсіпкерлік жүргізу шарттарын жеңілдетуге бағытталған кешенді реформаларды одан әрі жалғастыруға ниеттіміз", - деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, сарапшылар таяу жылдары жаһандық ІЖӨ өсімі шамамен 2,9 пайызға дейін баяулайтынын болжап отыр.
Бүгінде инфляциялық қысымның күшейгені, жаһандық жеткізу тізбегіндегі кедергілердің және іскерлік ортадағы бағдарсыздықтың артқаны байқалады. Мұндай үрдістер әлем экономикасының перспективасын нашарлата түсуі ықтимал. Бұл халықаралық сындарлы диалогтың қажет екенін көрсетеді. Қазақстан секілді елдердің экономикасы осындай сын-қатерлер кезінде сыртқы дағдарыстарға төтеп бере алды. Биылғы бес айда Қазақстан экономикасы 6 пайызға өсті. Оған көлік және логистика, құрылыс, сауда, тау-кен өнеркәсібі және өңдеу салалары көп үлес қосты", - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Қазақстанның стратегиялық тұрғыдан орналасуы, адами капиталы және реформаларды жан-жақты жүргізуі инвесторларға да, ұлттық экономикаға да мол мүмкіндік береді. Президент инвесторлардың мәселесін "осы жерде және дәл қазір" қағидаты бойынша жедел шешуге бағытталған Инвестициялық штаб қызметіне тоқталды. Аталған штаб 70 миллиард долларды құрайтын 137 инвестициялық жобаға қолдау көрсетті. Сондай-ақ заңнамаға инвесторлардың проблемасын жүйелі түрде шешуді көздейтін 140 түзету енгізуге бастамашы болды.
Инвесторлар құқығын қорғауға арналған арнайы "прокурорлық сүзгі" механизмі енгізілді. Биылдан бастап мемлекеттік органдар Бас прокуратураның алдын ала келісімінсіз инвесторларға қатысты тексеру жүргізуге, әкімшілік іс қозғауға, талап арыз беруге немесе қандай да бір шектеу қоюға құқылы емес.
Біз Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаны іске қостық. Ол инвестицияларға қатысты мемлекеттік қызметтерді "бір терезе" қағидаты бойынша біріктіріп, кеңес беруден бастап рұқсат алуға дейінгі барлық үдерісті қамтиды. Бұдан бөлек, іскерлік белсенділікті ынталандыру және экономикаға жеке инвестиция тарту үшін жаңа Салық кодексі Сенат қарауына енгізілді. Құжат жергілікті өндірісті дамытатын инвесторларға мақсатты жеңілдіктер беруді және қосылған құны жоғары өнім экспорттаушыларды қолдауды қарастырады", - деді Президент.
Мемлекет басшысы инвесторлармен ықпалдастықтың перспективалы бағыттарына, атап айтқанда, Қазақстанның индустриялық әлеуетін дамыту мәселесіне тоқталды.
Тау-кен саласы - еліміздің өңдеу өнеркәсібінің негізгі тірегі болып қала береді. Қазақстан тау-кен өнеркәсібі мен металлургияның жаһандық маңызын түсіне отырып, инвесторларға ашық, жан-жақты заңнама арқылы тұрақты әрі қолайлы юрисдикция қалыптастырды. Жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесінде еліміздегі геологиялық барлау жұмыстарына әлемдік ірі ойыншылар - Rio Tinto, Fortescue, Ivanhoe, First Quantum және Tech Resources компаниялары келді. Жаңа Салық кодексінде шикізатты ел ішінде терең өңдеуді ынталандыратын роялти тәртібі қарастырылады. Еліміздің бай минералды-шикізаттық базасы, жер қойнауын пайдаланудағы заманауи заңнамасы мен ашық салық жүйесі жаһандық тізбектегі маңызды минералдарды жеткізу бойынша стратегиялық орнымызды қамтамасыз ететініне сенімдіміз", - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның шикізатты терең өңдеу және жаңа буындағы өнеркәсіптік өндіріс құру жолында батыл қадам жасағанына назар аударды. Мемлекет басшысы Қазақстан теміржол саласына арналған машина жасау бойынша Wabtec, Alstom және Stadler компанияларымен табысты ынтымақтастық орнатқанын жеткізді. Атап айтқанда, Alstom компаниясы елімізде сервистік орталықтар салып, 2028 жылдан бастап локомотивтердің жаңа буынын шығаруды жоспарлап отыр. Wabtec компаниясы балама отынмен жүретін жылжымалы құрамға 200 миллион доллар инвестиция құйды. Ал Stadler Rail кәсіпорны өндірістік қуаты жылына 100 вагон шығаратын зауыт салды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің жоғары әлеуетіне тоқталды. Еліміз егістікке және жайылымға жарамды жер көлемі жағынан әлемде алтыншы орынды иеленеді, сондай-ақ астық экспорты бойынша жетекші он мемлекеттің қатарына кіреді. Мемлекет басшысы PepsiCo, Fufeng Group және Dalian Hesheng сияқты шетелдік инвесторлардың табысты қызметін мысалға келтіріп, олардың жергілікті өнімге тұрақты сұраныс қалыптастырып, озық технологияларды енгізіп жатқанын айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.06.2025, 11:34 36806
Қытайға шығарылатын отандық астық экспорты шамамен 50%-ға өсті
Қытай бағытында 1,6 млн тонна астық жүктері тасымалданды
2025 жылдың бес айында ҚТЖ желісі бойынша Қытай бағытында 1,6 млн тонна астық жүктері (астық, ұн, құрама жем) тасымалданды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46% артық, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы".
Жөнелтілген астық көлемі 328 мың тоннаны құрады, оның 239 мың тоннасы контейнерлерде тасымалданды. Алтынкөл шекаралық өткелі арқылы 155 мың тонна, Достық станциясы арқылы 173 мың тонна шығарылды. Жөнелтілген ұнтақ өнімдерінің көлемі 179 мың тоннаны құрады, оның 112 мың тоннасы - контейнерлерде.
Қосылған құны жоғары қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдауда тұрақты оң динамика байқалады. ҚХР-ға құрама жем тасымалдау көлемі 1,1 млн тоннаға жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішінен 5 есе артық. Тасымалданған жүктердің негізгі үлесі контейнерлік жөнелтілімдерге тиесілі болды.
Астық маркетинг жылының қорытындысы бойынша (2024 жылғы қыркүйек - 2025 жылғы мамыр) Қытайға астық жүктерін тасымалдаудың жалпы көлемі 2,7 млн тоннадан асты, бұл 2023-2024 маркетинг жылдарғымен салыстырғанда 22% артық. Астық көлемі 920 мың тоннадан астам болса, оның 600 мың тоннадан астамы контейнерлерде тасымалданды. Ұнтақ өнімдерін тасымалдау көлемі 282 мың тоннаны құрады. Осы кезеңде 1,5 млн тонна құрама жем тасымалданса, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 5 есе көп. Оның 1,4 млн тоннасы контейнерлерде жеткізілді, бұл өткен жылғы деңгейден 5,7 есеге жоғары.
ҚТЖ Қазақстан мен ҚХР арасындағы тұрақты теміржол тасымалын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.06.2025, 16:37 42166
Алматы өнеркәсібі 5 айда триллион теңгеге жуықтады
Алматыда өнеркәсіп өндірісінің көлемі тұрақты өсім көрсетіп отыр. 2025 жылы қаңтар-мамыр аралығында өндірілген өнім көлемі 976,2 млрд теңгеге жетті. Бұл жөнінде қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады.
Машина жасау саласында ең үлкен өсім байқалған, өндіріс көлемі 36,3% артып, 366,1 млрд теңгеге жетті, оған өңдеуші өнеркәсіптің жалпы көлемінің 46,7%-ы тиесілі. Машина жасау құрылымында негізгі үлесті (36,1%) көлік құрастыру саласы иеленіп отыр.
Өсім өзге де негізгі салаларда тіркелді: басқа бейметалл минералды өнімдер өндірісі 25,6% артып, 47 млрд теңгеге жетті, баспа ісі 27,3% өсіп, 25 млрд теңге болды. Фармацевтика өндірісі 14,2% (11,2 млрд теңге), киім өндірісі 18,8% (3,7 млрд теңге), ағаш бұйымдары өндірісі 35,2% (3,4 млрд теңге) өсті.
Қазіргі таңда Алматыда 144 ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді. Дені Жетісу, Түрксіб және Алатау аудандарында шоғырланған.
Алматының Индустриялық аймағы мен "Инновациялық технологиялар паркі" АЭА қарқынды дамып келеді. 2025 жылы Индустриялық аймақта жалпы құны 135,4 миллиард теңге болатын 11 жобаны іске қосу жоспарланған. Бұл жобалар нәтижесінде 4 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ. Ал арнайы экономикалық аймақта 18,5 миллиард теңгенің 6 жобасын іске қосу және 415 жұмыс орнын құру көзделген.
Бұған қоса, Алматыда бүгінде 1,5 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отырған 15 шағын өнеркәсіптік парк жұмыс істейді. 2027 жылға дейін жалпы ауданы 194 мың шаршы метр болатын тағы 35 парк салу жоспарланған. Бұл бастама аясында 21,8 миллиард теңге инвестиция тартылып, қосымша 4,2 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
26.06.2025, 19:36Қырғыз авиакомпаниясы Алматы - Ыстықкөл рейстерін іске қосады 24.06.2025, 14:21 61151Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті24.06.2025, 14:12 61051Астанада Қазақстанда сутекті энергетиканы дамытудың перспективалары талқыланды23.06.2025, 18:23 54301МКК және Қытайдың Polyking компаниясы инвестициялар мен цифрлық логистиканы дамыту мәселелерін талқылады25.06.2025, 19:21 51566Астанада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті
02.06.2025, 17:03 155476Алматыда "Алма-Арасан" бұлағына бару уақытша шектеледі04.06.2025, 14:09 150101Құрбан айттағы ХҚКО мен арнайы ХҚКО жұмыс кестесі белгілі болды05.06.2025, 17:53 134906Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 37,3 млрд АҚШ долларына жетті03.06.2025, 14:47 134671Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды05.06.2025, 17:14 134061Қазақстан Бахрейнге әуе қатынасы ашты