24.05.2022, 18:50 13746

Жекешелендіруге жататын компаниялар тізімінен Қазатомөнеркәсіптің еншілес кәсіпорындары шығарылды

Жекешелендіруге жататын компаниялар тізімінен Қазатомөнеркәсіптің еншілес кәсіпорындары шығарылды
Сурет: Қазатомөнеркәсіп
НҰР-СҰЛТАН. 24 МАМЫР - Жекешелендіруге жататын компаниялар тізімінен Қазатомөнеркәсіптің еншілес кәсіпорындары шығарылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамы жария талқылау үшін электрондық үкімет порталында (eGov) орналастырылған "2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №908 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына енгізілген жекешелендіруге жататын компаниялардың тізімі түзетіліп, Компанияның еншілес кәсіпорындары тізімнен толық шығарылғанын хабарлайды", - делінген Қазатомөнеркәсіптің сайтында.

 
Бұған дейін ұлттық компания кейбір активтерді жекешелендіру туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.
 

Жарияланған ақпарат шындыққа, сондай-ақ ақпаратты ашудың және корпоративтік басқарудың белгіленген процестеріне сәйкес келмейді", - деді компания өкілдері.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны