20.01.2022, 17:51 33186

Желтоқсан айында жылдық инфляция тек Нұр-Сұлтанда жеделдеді

Желтоқсан айында елде жылдық инфляция баяулап, 8,4%-ды құрады (қарашада – 8,7%).
Желтоқсан айында жылдық инфляция тек Нұр-Сұлтанда жеделдеді
НҰР-СҰЛТАН. 20 ҚАҢТАР - Аймақтар бойынша жылдық инфляция 16 өңірде баяулап, тек Нұр-Сұлтанда ғана (8,6%-дан 8,8%-ға дейін) жеделдеді. Бұл туралы ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті нақты сектор мониторингі басқармасының бастығы Игорь Осипов айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ұлттық банк өкілінің ақпараты бойынша, желтоқсан айында елде жылдық инфляция баяулап, 8,4%-ды құрады (қарашада – 8,7%). Ең көп баяу үрдіс Түркістан облысы (қарашада 9,0%-дан желтоқсанда 8,3%-ға дейін) мен Жамбыл облысында (8,8%-дан 8,1%-ға дейін) тіркелді.
 
Елімізде азық-түлік бағасының өсуі баяулап, 9,9%-ды құрады (қарашада – 10,9%). Азық-түлік бағасының ең жоғары өсуі Маңғыстау облысында қалыптасты (11,8%).
 
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы өсуін жалғастыруда (8,3%-дан 8,5%-ға дейін). Ең жоғары көрсеткіштер Ақмола (9,8%), Ақтөбе және Қарағанды облыстарында (тиісінше 9,6%-дан), ең төмен көрсеткіш Маңғыстау облысында (7,7%) байқалады.
 
Ақылы қызметтердің бағасы желтоқсан айында 6,5%-ға өсті (қарашада – 6,4%). Жалпы республикалық деңгейден айтарлықтай жоғары бағалар Шығыс Қазақстан облысында (8,0%), едәуір төмен көрсеткіш Ақтөбе облысында (5,3%) тіркелді.
 

Елдегі айлық инфляция соңғы 5 жылдағы орташа айлық мәннен төмен белгіге өтіп, 0,6%-ды құрады (2016-2020 жылдары: 0,8%). 2021 жылғы желтоқсанда баға Нұр-Сұлтанда (0,9%) және Ақтөбе облысында (0,8%) ғана тарихи нормадан жоғары көтерілді. Ақмола облысында бағалар өзгерген жоқ, ал қалған өңірлерде бағаның айлық өсу қарқыны өз нормасынан төмен қалыптасты", - деді Осипов.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны