Жол құрылысшыларының жұмысында бес мыңнан астам бұзушылық анықталды
Астана. 17 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Осы жылдың 9 айында Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы ел өңірлеріндегі жолдарға 10 мыңға жуық тексеріс жүргізіп, нәтижесінде 5,1 мың олқылықтарды анықтады, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, жол-құрылыс материалдарының 23 мыңнан астам үлгілері іріктеліп, сынақтан өткізілді, оның 8 мыңы республикалық желіге, 15 мыңы жергілікті желіге тиесілі. Оның ішінде 5,6 мың материал сынамалары немесе 24% белгіленген нормативтік талаптарға сәйкес келмеді. Республикалық желі бойынша 12% (1016), жергілікті желі бойынша 30% (4598) сәйкессіздіктер анықталды", - деді ИИДМ.
Нәтижесінде мердігерлердің өз қаражаты есебінен 2 миллиард теңгенің жұмысы қайта жасалынды.
Сапа орталығы жосықсыз компанияларға қатысты облыстық мемлекттік сәулет-құрылыс бақылау басқармаларына 100-ден астам өтініш жолдады.
Нәтижесінде бүгінгі күні 18 жағдайда техникалық қадағалау мамандарының аттестаттары тоқтатылып, 2 мердігер құрылыс жұмыстарын жүргізу лицензиясынан айырылды, техникалық қадағалау қызметтері мен мердігерлерге салынған айыппұл сомасы 29,3 млн теңгені құрады", - деп хабарлады ведомствода.
ИИДМ-де республикалық маңызы бар жолдардағы қауіпсіздік деңгейін арттыру жөніндегі шаралар туралы да айтылды.
Бүгінгі таңда, ведомствоның мәліметінше, республикалық маңызы бар автожолдарда 300-ден астам авариялық-қауіпті учаске бар. Жол-көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі - үй жануарларының жол бойына шығып кетуі.
Үй жануарларының иелері (республикалық автожолдардың жанында тұратын) жарық шағылыстырғыш ленталармен, сондай-ақ жарық шағылыстырғыш аэрозольмен қамтамасыз етіледі. Республикалық трассалардың авариялық-қауіпті учаскелерінде шу жолақтарының санын ұлғайту жоспарлануда. Қосымша стробоскоптар мен торлы қоршаулар орнатылады", - деп хабарлады министрлікте.
Ведомствода жоғарыда аталған шаралар жыл сайын республикалық трассаларды күтіп-ұстауға бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылатынын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, ІІМ мәліметтері бойынша, жыл басынан бері жануарларға соқтығысумен байланысты ЖКО саны 13%-ға өсті. Оларда 26 жүргізуші мен жолаушы қаза тауып, 135 адам жарақат алды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.