09.12.2023, 22:30 104186

Алматыда алғашқы қар жауды

Желтоқсанның екінші және үшінші онкүндіктерінде циклон әсерінен бірнеше қарқынды жылу толқындары күтілуде:

  • ҚР солтүстік аумағында ауа температурасы түнде -5, -10°С дейін, күндіз 0, -5°С дейін көтеріледі;
  • ҚР оңтүстік өңірлерінде түнде -3, +3°С дейін, күндіз +5, +13°С дейін көтеріледі.

Алайда, кей күндері антициклонның солтүстік-батысқа ауытқуы салдарынан ауа температурасы төмендейді деп болжануда:

  • ҚР солтүстік өңірлерінде түнде -20, -30°С, күндіз -8, -15°С дейін;
  • ҚР оңтүстік өңірлерінде түнде -10, -17°С, күндіз -3, -10°С дейін суытады.

 Жалпы, болжам бойынша, желтоқсан айында ел аумағындағы ауаның орташа температурасы нормадан 1-2°жоғары болады деп күтілуде.

Желтоқсанда жауын - шашын мөлшері республиканың басым аумағында шамаға жуық, республиканың солтүстігінде тиісті көрсеткіштен жоғары болады деп болжануда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны