Алтын Емел мен Барсакелмес ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне енді
ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау жөніндегі Үкіметаралық комитет Қазақстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы бірлесіп енгізген "Тұранның суық қысқы шөлдері" көпұлттық номинациясының құрамдас бөліктері ретінде Алтын Емел ұлттық паркі мен Барсакелмес қорығының аумақтарын Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізді.
Тиісті шешім Комитеттің Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасында өтіп жатқан кеңейтілген 45-ші сессиясында қабылданды.
Қазақстан, Өзбекстан және Түрікменстан шөлдерінің аумағында аса жоғары және аса төмен ауа температурасының әлемдегі ең үлкен айырмашылықтарының бірі байқалады. Ғалымдардың пікірінше, олар жердегі экожүйелердің эволюциясын мен күрделі климаттық жағдайларға бейімделуін айқын көрсетеді. Сонымен қатар бұл шөлдерде құлан, қарақұйрық, ақбөкен сияқты сирек кездесетін жануарлар мекендейді және сексеуіл сияқты сирек өсімдіктер өседі. Бірнеше жыл бұрын Алтын Емел мен Барсакелмес ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттары мәртебесіне ие болған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.