19.09.2023, 19:01 86181

Қытайда алып ғарыш кемесінің бейнесіндегі мұражай ашылды

Қытайдың Чжухай қаласында алып НЛО-ға ұқсас, Chimelong Spaceship деп аталатын әлемдегі ең үлкен жабық теңіз ғылыми паркі ашылды. Мұнда 100000-нан астам теңіз жануарлары көрермендер назарына ұсынылған.

Чимелонг" теңіз ғылыми паркінің жалпы ұзындығы 650 м, ал ауданы шамамен 400 шаршы метрді құрайды. Океанариум күніне 50 000-нан астам адам қабылдай алады. Бұл әлемдегі тірі маржан бар ең үлкен аквариум, сондай-ақ аталмыш паркте ең үлкен теңіз мұражайы орналасқан.


15 тақырыптық аймаққа бөлінген саябақта теңіз жануарларының 300-ге жуық түрі, сондай-ақ тірі маржанның 100 түрі бар.


Чимелонгтың ашылуы 2021 жылға жоспарланған болатын. Бірақ 10 жыл бойы дизайны жасалып, 5 жыл құрылысы салынған алып саябақтың ашылу салтанаты 2023 жылдың қыркүйегіне жоспарланған. Ғимараттың құрылысы Қытайдағы басқа да ірі ойын-сауық саябақтарына иелік ететін Chimelong Group компаниясына тиесілі. Жалпы құны 1,1 миллиард АҚШ долларын құрап отыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны