21.09.2022, 16:05 21666

Алматы - Петропавл пойызы ақаулыққа байланысты шұғыл тоқтатылды

Оқиға орнына Қарағанды станциясынан өрт сөндіру пойызы келіп, тілсіз жау ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ.
Алматы - Петропавл пойызы ақаулыққа байланысты шұғыл тоқтатылды
Сурет: ҚТЖ ҰК АҚ
АЛМАТЫ. 21 ҚЫРКҮЙЕК - Бүгін, 2022 жылғы 21 қыркүйекте Қарағанды – Астана учаскесінің Мырза – Шоқай аралығында құрамның соңында тіркелген техникалық вагонда тұтанудың орын алуы салдарынан "Алматы-2 – Петропавл" пойызының қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Пойыз бригадалары қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бес артқы вагоннан 50 жолаушыны (37 жолаушы құрам ішімен, 13 адам сыртқа шығарылып көшірілді) бас вагонға көшіру жүргізілді. Осыдан кейін вагондардың барлық жолаушылары пойыз құрамында болды. 
 

Оқиға орнына Қарағанды станциясынан өрт сөндіру пойызы келіп, тілсіз жау ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады ұйым.

 
 "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, пойыздың барлық жолаушылары (184 адам) "Алматы – Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол" бағытындағы №3/4 (Тальго) пойызына қайта отырғызылып, Астанаға жеткізілді. 
 
Қазіргі уақытта межелі станцияларға дейін жеткізу үшін жолаушыларды отырғызу ұйымдастырылды. "Астана-Петропавл" қатынасындағы №901 қосымша стандартты пойызымен жөнелтілген № 105 (Тальго) пойызының жолаушыларына жол жүру құжаты жалпы құнының сомасын ішінара қайтару жүзеге асырылатын болады.
 

Talgo вагондарына техникалық қызмет көрсетуді Patentes Talgo компаниясы жүзеге асырады. Тексеріс жүргізу үшін "ҚТЖ" ҰК" АҚ комиссиясы құрылды", - деп атап өтті компанияда.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны