09.07.2024, 15:29 55296

№4 "Астана-Алматы" жолаушылар пойызы уақытша тоқтатылды

№4 "Астана-Алматы" жолаушылар пойызы уақытша тоқтатылды
2024 жылғы 9 шілдеде Отар-Алматы учаскесінде туындаған техникалық себептерге байланысты №4 "Астана-Алматы-2" пойызының қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды Қазақстантемір жолының баспасөз қызметінен.

Жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз ету үшін стандартты вагондардан құралған №504/503 "Алматы-2-Отар-Алматы-2" бір реттік пойызы тағайындалды.

Отар-Алматы бағыты бойынша стандартты вагондардан құралған ауыстырылған пойызды пайдаланған жолаушыларға жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау ережелеріне сәйкес айырма төленеді.

Ұлттық тасымалдаушы уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты "1433" нөмірі арқылы алуға болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны