19.07.2021, 23:35 10373

Қазақстанда жалған вакцинация паспорттарын сататын сайттар бұғатталады

Бүгінгі таңда ІІМ жалған құжаттарды сату бойынша 46 жарнаманы анықтады.
НҰР-СҰЛТАН. 19 ШІЛДЕ - Қазақстанда жалған вакцинация паспорттарын сататын сайттар бұғатталады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бұл ресурстарда Ресей Федерациясы, Украина, Үндістан және АҚШ аумағында медициналық анықтамалар мен вакцинация сертификаттарын сату туралы хабарландырулар да таратылады", - деді ведомство баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ІІМ-де өткен брифингте.

 
Оның айтуынша, бүгінгі күні жалған вакцинация паспорттарын, сондай-ақ оң немесе теріс нәтижелері бар ПТР талдау бланкілерін сатып алуды ұсынатын 46 хабарландыру анықталды.
 

ІІМ киберқылмыспен күрес бөлімінің мамандары негізінен алдын ала төлем алуға бағытталған алаяқтық схемаларын қадағалайды. Алаяқтар вакцинацияның бірінші кезеңінен өткендігі туралы растауды мемлекеттік органдардың ресми ресурстарына жатпайтын бөгде пошта жәшіктерінен жібереді, содан кейін екінші кезең үшін алдын ала төлем талап етеді және жоғалып кетеді".

 
Алаяқтар өз схемаларында шетелдік банктердің карталарын және үнемі өзгеріп тұратын виртуалды телефон нөмірлерін пайдаланады, деді Тұрлыбек.
 

Алданған адамдар құқық қорғау органдарына жүгінбейді, өйткені олар жалған құжаттарды сатып алу арқылы заңды бұзуға тырысты", - деп нақтылады Тұрлыбек.

 
Анықталған ресурстар бұғаттау үшін уәкілетті органдарға жіберілді. 
 
ІІМ Қазақстан азаматтарына өздерін қылмыстық процеске тартпауды және өзінің туыстары мен жақындарын осыдан қорғауды өтінеді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны