02.08.2021, 22:18 8809

Атырауда медбикелер вакцинация паспорттарын сатты

АТЫРАУ. 2 ТАМЫЗ - Атыраулық полицейлер Атырауда вакцинация паспортын 100 мың теңгеге сатқан медбикелерді ұстады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР ІІМ хабарлағандай, қалалық емханалардың бірінің қызметкерлері вакцинация паспорттарын қолдан жасаумен айналысқан. Мұндай қызмет үшін 28 және 32 жастағы медбикелер вакцинаның әрбір компоненті үшін 50 мың теңгеден алды. Азаматтар емханаға келіп, вакцинациясыз вакцинация паспортын алды.
 
Атырау облысы ПД облыстық прокуратурамен бірлесіп жүргізген операция барысында медбикелердің бірі жүйеге жалған ақпарат енгізгені, ал басқа медбике вакцинаны төгіп тастағанын мойындағаны анықталды. Қазіргі уақытта екі күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
 

Жалған вакцинация паспортын алған адамдардың саны мен жеке тұлғалары анықталуда", - деп түсіндірді полицияда.

 
Естеріңізге сала кетейік, 31 шілдеде атыраулық полицейлер вакцинация паспортын қолдан жасағаны үшін 10 мың теңгеден алған медбикені ұстады
 
Осындай жағдайлар АлматыШымкентМаңғыстау және Алматы облыстарында да тіркелген. 
 

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны