01.11.2021, 19:50 57196

ҚР ІІМ Қазақстан Республикасы тарихындағы ең ірі қаржы пирамидасының ісін сотқа берді

ҚР ІІМ Қазақстан Республикасы тарихындағы ең ірі қаржы пирамидасының ісін сотқа берді
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 1 ҚАРАША - Қазақстандағы ең ірі қаржы пирамидасы QUESTRA WORLD-қа қатысты іс сотқа берілді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты.
 

Өткен аптада тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі қаржы пирамидасы QUESTRA WORLD-ды құрды деп айыпталғандар ісі сотқа берілді", - деді Н. Ораз апталық брифингіде.

 
Оның айтуынша, ІІМ тергеу-жедел тобы осы қаржы пирамидасының басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
 

Тергеу барысында 2016 жылдың наурызынан 2017 жылдың маусымына дейін Испания, Кабо-Верде және Ресей азаматтары Қазақстан аумағында QUESTRA WORLD қаржы пирамидасын құрып, оны қазақстандықтар да тартылған трансұлттық ұйымдасқан топ құрамында басқарғаны анықталды. Пирамида басшылары салынған соманың 336% дейін табыс табуға кепілдік беріп, салымшыларға виртуалды валютаны пайдалану арқылы 90-нан 500 мың еуроға дейінгі ойдан шығарылған инвестициялық портфельдер сатып алуды ұсынған", - деді Нұрділдә Ораз.

 
Ресми өкілдің айтуынша, тартылған қаражат кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмаған, кейбір қатысушыларды жаңа салымшылардың жарналары есебінен байыта отырып, өз араларында бөліске салған.
 
Белсенді іс-әрекет нәтижесінде қаржы пирамидасына Қазақстанның мыңдаған азаматы тартылған және 1 млрд теңгеден астам шығын келтірілген.
 
Қылмыстық іс бойынша 4 адам, оның ішінде бұрын Беларусьтан экстрадицияланған Ресей Федерациясының азаматы жауапқа тартылды. 
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны