30.05.2022, 15:24 12691

Елорданың екі жол компаниясына картельдік сөз байласу үшін 540 млн теңге айыппұл салынды

Елорданың екі жол компаниясына картельдік сөз байласу үшін 540 млн теңге айыппұл салынды
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 30 МАМЫР - Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті "АБК-Автодор НС" ЖШС және "Казахдорстрой" ЖШС-ға қатысты жүргізілген тергеп-тексеру жұмыстарын аяқтады. Оларға сатып алудағы картельдік сөз байласу үшін айыппұл салынып және жалпы сомасы 539,9 миллион теңге монополиялық кірісті тәркілей отырып әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР БҚДА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Сот ісі бір жылға созылды.
 
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша монополияға қарсы департаменті "АБК-Автодор НС" ЖШС және "Казахдорстрой" ЖШС арасындағы автомобиль жолдарының құрылысы мен жөндеу қызметтерін сатып алу бойынша конкурстарда бағаларды ұстап тұру бөлігінде картельдік сөз байласу фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады. Тендерлердің жалпы сомасы 14,7 млрд теңгені құрады. 
 

"АБК-Автодор НС" ЖШС және "Казахдорстрой" ЖШС-ның мемлекеттік сатып алуға қатысқаны, олардың бірі екіншісіне сатып алуды ең жоғары бағамен өтті деп тану үшін жалған бәсекелестік тудырғаны анықталды", - деп хабарлады БҚДА.

 
Атап айтқанда, 2020 жылғы 9 сәуірде сатып алуды ұйымдастырушы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ 7 280 315 541 теңгеге тендер жариялады. "АБК-Автодор НС" ЖШС бастапқы бағаға тең баға – 7 280 315 541 теңге, ал "Казахдорстрой" ЖШС бастапқы бағадан 0,004%-ға, немесе 315 541 теңгеге төмендетіп, 7 280 000 теңге ұсынды. Конкурс қорытындысы бойынша "Қазақдорстрой" ЖШС жеңімпаз деп танылды.
 

Нәтижесінде, 7 лоттың қорытындысы бойынша тергеп-тексеру объектілері ешқандай бәсекелестік күрессіз бастапқы бағаға тең бағаны немесе ең аз төмендетуді ұсына отырып, бір-біріне жалғыз бәсекелес ретінде әрекет еткен, ең төменгі бағаны төмендету кезінде жеңімпаз деп танылды", - деп хабарлайды ведомство.

 
 "АБК-Автодор НС" ЖШС және "Казахдорстрой" ЖШС-ға қатысты әкімшілік істер қозғалды. Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2021 жылғы қазанда қарау нәтижелері бойынша кәсіпорындар айыппұл салумен және "АБК-Автодор НС" ЖШС – 106,3 млн.теңгеге, "Қазақдорстрой" ЖШС – 433,5 млн. теңгеге монополиялық кірісті тәркілеумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
 
Соттардың қаулылары заңды күшіне енді.
 
 "АБК-Автодор НС" ЖШС өтеу кестесіне сәйкес айыппұлдың бір бөлігін 54,7 млн. теңге төледі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны