27.04.2023, 10:40 51941

Серік Күдебаевтың ұсталғаны туралы Бас прокуратура хабарлады

Серік Күдебаевтың ұсталғаны туралы Бас прокуратура хабарлады
Сурет: gov.kz
Алматы облысы ПД-нің бұрынғы бастығы Серік Күдебаев ұсталып, Түркиядан Қазақстанға жеткізілді

Астана. 27 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов Алматы облысы полиция департаментінің қашқын бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың ұсталғаны туралы хабарлады, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаев ұсталып, Түркиядан Қазақстанға жеткізілді.

С.М. Күдебаев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ол 2022 жылдың қаңтарында болған оқиғалар кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны және азаптау үшін айыпталды.

Сот талқылауы кезінде С.М. Күдебаев өзіне қатысты қолданылған бұлтартпау шарасын бұзып, соттан жалтарып кеткен, сол себепті қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасымен мемлекетаралық іздеуге жарияланды.

Еске салайық, Алматы облыстық Полиция департаментінің бұрынғы басшысы С.Күдебаев 3 сәуір күні сағат 10:00-де сотқа жеткізілуі тиіс еді. Алайда, прокурор күдіктіні алып келу туралы қаулыны орындау барысында С.Күдебаевтің елден кетіп қалғаны туралы мәлімет ұсынған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны