22.07.2024, 15:03 112986

Ақмола облысында АН-2 әуе кемесінің құлауына қатысты Көлік министрлігі түсініктеме берді

Ақмола облысында АН-2 әуе кемесінің құлауына қатысты Көлік министрлігі түсініктеме берді
Сағат 18.54 Ақмола облысының Жарқайың ауданында АН-2 әуе кемесі апатқа ұшырады. Тіркеу нөмірі - UPA0141. Ұшақтың өртенуі орын алды. Бортта ұшқыш болды. Әуе кемесі "Бүркіт-Авиа" ЖШС-не тиесілі. Оқиға орнында Ақмола облысы ТЖД күштері жұмылдырылды, өрт оқшауланды, алдын ала ақпарат бойынша адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ, деп мәлімдеді ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен. Осы оқиға бойынша ҚР Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия құрады. Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны