15.04.2024, 11:54 33416

Ақтөбе облысында қорғаныс бөгеті шайылып, салдарынан ауылды су басты

Ақтөбе облысында қорғаныс бөгеті шайылып, салдарынан ауылды су басты
Сурет: ТЖМ
Торғай өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Нұра ауылында қорғаныс бөгеті шайылып, нәтижесінде ауылды су басты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Нұра, Мамыр ауылдарында 327 адам және 25 бірлік техника жұмылдырылды. Жағдайды зерттеу үшін Ақтөбе облысы ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісов барды. Алдын ала 1100 дана қаптар салу және 390 тонна инертті материал жеткізу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар ТЖД басшылығы жетекшілігімен Қорғаныс Министрлігі ұшағымен құтқарушылар Нұра ауылы Ырғыз ауданы Мамыр, Нұра, Белшер ауылдарынан 3 күн ішінде 685 адам оның ішінде 363 бала эвакуацияланды.

14 сәуір күні түнде су тасқыны жағдайының нашарлауына байланысты Ырғыз ауданына 70 адам мен 5 бірлік техникадан тұратын күштер мен құралдар жіберілді

Сондай-ақ ,ргыз ауданына гуманитарлық жүк жіберілді: 100 күрек, 60 матрац, 50 етік, 40 айран, 1 қап жүгері, 3 қорап консервілер, 10 қорап печенье, 10 мың қап, 1 қайық, 2 тақта, 2 генератор ,1 мотопомпа, 4 қап дәрі-дәрмек.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны