05.09.2024, 11:58 96031

Ақтөбе облысындағы жасөспірімнің өлімі: мектеп директоры қызметінен босатылды

Ақтөбе облысындағы жасөспірімнің өлімі: мектеп директоры қызметінен босатылды
Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша Темір ауданы, Қопа ауылындағы Қопа орта мектебінің 9-10-11 сынып оқушылары арасындағы кикілжін салдарынан 9-сынып оқушысының өлімімен аяқталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру, облыс прокуроры Х.З.Дәуешовпен жеке бақылауға алынды, деп хабарлайды Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Қылмыстық іс аясында ҚР ҚПК-нің 128-бабының тәртібімен кәмелетке толмаған 2 күдікті ұсталып, Темір аудандық сотымен 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Оқиға бойынша тергеп-тексеруді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жүргізуде.

Қадағалауды жүзеге асыру, тәжірибелі процессуалдық прокурорлар тобына жүктелді.

Аталған қылмыстың орын алуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды зерделеу үшін, ауданға арнайы комиссия жіберілді.

Облыстық прокуратурамен жергілікті атқарушы органның атына Темір ауданы әкімінің, облыстық және аудандық білім бөлімі басқармаларының лауазымды тұлғаларының жауапкершіліктерін шешу жөнінде ұсыну енгізілді.

Бүгінгі күні, қадағалау актісімен Қопа ауылындағы мектептің директоры Р.Е.Қаржауов қызметінен босатылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны