31.03.2022, 17:25 15976

Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде Алматы полициясының ғимаратына шабуыл жасағандардың бірі ұсталды

Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде Алматы полициясының ғимаратына шабуыл жасағандардың бірі ұсталды
Сурет: Көліктегі полиция департаменті
АЛМАТЫ. 31 НАУРЫЗ - Бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеу барысында Алматы қаласында тұратын Жамбыл облысының 24 жастағы тумасы анықталып, ұсталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Ұсталған азаматтың ағымдағы жылғы 5 қаңтарда тәртіпсіздіктердің басқа қатысушыларымен бірге қару-жарақ дүкенінен қару ұрлап, Алматы қаласының әуежайына қарулы шабуыл жасағандығы, содан кейін сыбайластарымен бірге Алматы қаласы полиция департаментінің ғимаратына барғаны анықталды. Митингке қатысушылармен бірге полиция департаментінің ғимаратын таңғы сағат 6-ға дейін қоршауда ұстаған", - дедi Көліктегі полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Оңал Бекеев.

 
Бекеевтің айтуынша, бұдан соң ол ұрланған қаруды белгісіз тұлғаға 40 мың теңгеге сатып жіберген.
 
Қазiр ұсталған азаматқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
 
Қазақстандағы қаңтар трагедиясының хронологиясы.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны