24.03.2024, 21:37 23406

Алматы облысы болған көшкін үйді басып қала жаздады

Алматы облысы болған көшкін үйді басып қала жаздады
Сурет: ТЖМ
Алматы облысы болған көшкін үйді басып қала жаздады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта Талғар ауданы Бесағаш ауылында үй мен контейнердің құлау қаупі жойылды.

ҚазГидроСпас" ЖШС күшімен Алматы облысы Бесағаш ауылындағы еңістің жоғарғы бөлігінде орналасқан тұрғын үйді бұзу жұмыстары жүргізілуде.

Қабылданған шаралармен үй мен контейнердің құлау қаупі жойылды. Кранның көмегімен иілген контейнерді алып тастау және одан әрі тау баурайын нығайта отырып, кірген топырақты тазарту жоспарлануда.

Облыс әкімінің төрағалығымен жоспардан тыс отырыс өткізілді және табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы ТЖ жарияланды. Шұғыл шаралар қабылдау қажеттігі туралы нақты тапсырмалар берілді.

ТЖ жоюға ТЖД , "Қазселденқорғау", ЖАО, ПД, "Қазгидроспас"ЖШС 70-ке жуық адам, 25-ке жуық техникасы жұмылдырылды.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны