16.08.2024, 16:54 78606

Алматы облысында үш баласы бір мопедке мінген ата-аналар жазаланды

Алматы облысында үш баласы бір мопедке мінген ата-аналар жазаланды, деп хабарлайды Алматы облысы полиция департаментінің басшысы Бауыржан Аленов хабарлады.

15 тамызда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында кәмелетке толмағандардың жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактісін анықтады.

Барлық құқық бұзушылар аудандық полиция қызметкерлерімен анықталды.

Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін құқық бұзушылардың ата-аналары қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Мопедтер арнайы автотұраққа орналастырылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны