04.10.2024, 15:33 626

Алматыда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан әйел адам көз жұмды

Алматыда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан әйел адам көз жұмды
Алматыда 4 қазанда №58 жолаушылар автобусы мен Mitsubishi Space Wagon жеңіл көлігі соқтығысып, салдарынан әйел адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты Солтүстік айналма тас жолы - Бөкейханов көшелерінің қиылысында болды.

Екі көлік те айналма жолмен қатар жүрген. Автобус жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, оң жақ жолақпен жылжыған.

Солтүстік айналма тас жолына шығу кезінде Mitsubishi жүргізушісі оң жақ қатарға ауыспай, екінші қатардан бұрылады. Мұны күтпеген автобус жүргізушісі қапелімде не істерін білмей қалған, осылайша көліктердің соқтығысуға жол берілді.

Соққы салдарынан жеңіл көлік бір бүйіріне аударыла құлады.

Апат салдарынан минивэннің артқы орындығында отырған келіншек (27 жаста) қаза тапты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны