14.02.2024, 14:33 35581

Қар көшкіні Үлкен Алматы өзеніне апаратын автожолды жауып тастады

 Қар көшкіні Үлкен Алматы өзеніне апаратын автожолды жауып тастады
Сурет: gov.kz
«Қазселденқорғау» ММ мамандары «Қазгидромет» РМК мамандарымен бірлесіп көшкін қаупі бар учаскелерді тексеру кезінде Үлкен Алматы өзенінің бассейнінде, сондай-ақ Талғар өзені алқабында  жалпы көлемі 13750 текше метр қар көшкіні өздігінен түскенін анықтады деп хабарлайды Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінің баспасөз қызметінен.

Қар көшкіндерінің басым бөлігі көлбеу және таулардың етегінде тоқтап, төрт қар көшкіні көлге түсті. Қазселденқорғау, Алматы қаласы полиция мен ТЖ департаменттерінің қызметкерлері блок беккеттер қою арқылы халықтың жүріп-тұруын шектеу бойынша қабылданған шаралардың арқасында қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қардың бір бөлігі Үлкен Алматы өзеніне апаратын автожолды жауып тастады. Қабылданған шаралармен жол тазартылды, залал болған жоқ.

Қазселденқорғау және Алматы қаласы ТЖД мамандары қар көшкінінің жоғары дәрежесіне байланысты (таулардың беткейлеріндегі қардың тұрақсыз жай-күйі) жақын күндері тауға, оның ішінде Богданович мұздығы ауданына бармауға кеңес береді.

Алматы қаласының ТЖ және полиция департаменттері осы автожол бойында алдын ала автокөліктің жүруін шектеу жөніндегі блок бекет қойды. Қауіпті учаскелерде ескерту қалқандары орнатылды.

Өз кезегінде, Қазселденқорғау қар көшкіні қаупі бар кезеңнің басынан бастап жалпы көлемі 9200 м3 астам қар көшкінінің 4 профилактикалық түсуін жүргізді (шамамен 10 мың).

 

 


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны