07.10.2024, 12:32 116301

Қарағанды облысында дала өртін сөндіру барысында өрт сөндіруші қаза тапты

Қарағанды облысында дала өртін сөндіру барысында өрт сөндіруші қаза тапты
6 қазанда Қарағанды облысында Қарқаралы ауданындағы дала өртін сөндіру барысында өз қызметтік міндетін атқару кезінде 24-өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы 1991 жылы туған Хали Хайрат қаза тапты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Сержант азаматтық қорғау органдарында 2014 жылдан бастап жұмыс істеген.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ведомствоның Апаттар медицинасы орталығының психологтары қайтыс болған қызметкердің туыстарына қажетті психологиялық көмек көрсетуде.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндірушінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады!

ТЖМ қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны