07.10.2024, 11:43 94701

Қарағанды облысындағы шахтада екі адам қаза тапты

Қарағанды облысындағы шахтада екі адам қаза тапты
Қарағанды облысындағы шахтада екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Қазақмыстың баспасөз қызметінен.

Олардың хабарлауынша, шахтада көміртегі газы бөлініп, барлық жұмысшылар жедел түрде эвакуацияланған. Зардап шеккендер жақын жердегі медициналық мекемелерге жеткізілді. Өкінішке қарай, екі жұмысшы қайтыс болды.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, қайғылы жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.

Қазақмыс" басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Марқұмдардың отбасыларына қажетті барлық көмек көрсетіледі.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны