18.11.2022, 19:52 13551
Астанада Кәрім Мәсімовке қатысты сот басталды
Сурет: Polisia.kz
Астана. 18 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Астанада ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты сот басталды, деп хабарлайды елордалық соттың баспасөз қызметі.
Іс "өте құпия" деген белгімен қаралуда.
Естеріңізге сала кетейік, 8 қаңтарда комитеттің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды. Кейін ҰҚК іс бойынша билікті күшпен басып алуға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша тергеу басталғанын нақтылады. Мәсімовпен қатар ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарлары: "А" арнайы тағайындау қызметінің бастығы Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де ұсталып, іс бойынша өтуде. Мәсімовтің ісіҚР Қылмыстық кодексінің бес бабы бойынша тергелуде.
Бас прокуратура Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық істі зерделеу нәтижесі бойынша тергеу органының айыптау актісін бекітті. 7 қарашада қылмыстық іс Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына қарау үшін жолданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
26.06.2025, 14:31 6066
СҚО газ таситын көлік жарылып, сегіз адамды күйік шалды
СҚО газ таситын көлік жарылып, сегіз адамды күйік шалды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
25 маусымда СҚО ТЖД "101" кезекші қызметінің пультіне Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Ильичевка ауылындағы "Тайынша май" ЖШС аумағында сұйытылған газды тасымалдаған автокөліктің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.
Алдын ала ақпарат бойынша жанармай құю кезінде газгольдердің шлангісі үзіліп, газ тасығыш машина, кейінен жерасты резервуар тіреуіш арматурасы жанды.
Оқиға орнына Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД күштері мен құралдары, сондай-ақ Ақмола облысынан құтқарушылар жедел келді. Күш-жігерді үйлестіру үшін өңіраралық өзара іс-қимыл жоспары іске қосылды.
Оқиға салдарынан 8 адам түрлі дәрежедегі күйік алып, Көкшетау қаласының облыстық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің қарауынан кейін бір адам үйіне жіберілді.
Құтқарушылардың жедел, үйлесімді және кәсіби іс-қимылдарының арқасында 50 ш. м. алаңда өрт сағат 20.57-де толығымен сөндірілді.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 80 адам және 20 бірлік техника, оның ішінде Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының ТЖД, сондай-ақ Тайынша аудандық шаруашылық жүргізу объектілерінің өрт сөндіру бекеттері мен мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелері жұмылдырылды.
Өрттің себептері анықталуда. Оқиға фактісі бойынша СҚО ТЖД сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.06.2025, 18:49 8931
Қазақстандықтар БАӘ мен Катардан елге жеткізіледі: айдың соңына дейін 8 рейс жоспарланған
Бүгін SCAT және Air Astana әуе компаниялары Дубай мен Доха қалаларынан Алматы мен Астанаға 6 рейс орындайды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Таяу Шығысқа ұшулар әлі де алты мемлекеттің (Иран, Израиль, Ирак, Иордания, Сирия және Ливан) әуе кеңістігін айналып өту арқылы жүзеге асырылуда.
Мәселен, Air Astana 25 маусымнан бастап Дубайдан Алматы мен Астанаға, сондай-ақ Дохадан Алматыға ұшатын әуе рейстерін қайта іске қосты. Бүгінгі күнге дейін шегеріліп келген рейстердің жолаушыларын елге қайтару үшін қосымша репатриациялық рейстер де ұйымдастырылады.
SCAT" әуе компаниясы азаматтарды Катар елінен Қазақстанға шығара бастады. "Доха-Алматы" рейсі бүгін Катар уақытымен сағат 07:35-те орындалды. Бортта 213 жолаушы болды. Сондай-ақ, бүгін "Доха-Астана" рейсі орындалады. Борт Дохадан Катардың жергілікті уақытымен сағат 14:30-да ұшады деп жоспарланған. Жолаушылардың саны - 290 адам.
Азаматтарды әкетуге арналған келесі жоспарланған чартерлік рейстер:
27.06.25 Доха-Астана
29.06.25 Доха-Алматы
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.06.2025, 18:01 19066
Израиль мен Ираннан nағы 144 қазақстандық елге оралды
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі үйлестірілген эвакуациялық іс-шаралар шеңберінде Израильден 66 отандасты (Мысыр аумағы арқылы), Ираннан 78 азаматты (Армения арқылы - 73, Әзербайжан - 2, Түрікменстан - 3) шығарды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Иран және Израильдегі қазақстандық дипломаттар өз азаматтарына қажетті консулдық-құқықтық көмекті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда.
ҚР СІМ Израиль, Мысыр және Армения билігіне өз ризашылығын білдіреді, сондай-ақ қазақстандықтарды эвакуациялауға қолдау көрсетіп жүрген ирандық, әзербайжан және түрікмен әріптестеріне қайта алғыс айтады. Бірлескен күш-жігердің арқасында азаматтарымыз үйлеріне аман-есен оралуға мүмкіндік алуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.06.2025, 15:26 42706
"Қазхром"-ға ауаға 700 тоннаға жуық зиянды заттар шығарғаны үшін 854 млн теңгеге айыппұл салды
Павлодар облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының қаулысымен "Қазхром "ТҰК" АҚ-ға қатысты ластаушы заттардың нормативтен тыс шығарынды үшін әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің баспасөз қызметінен.
2025 жылдың 1 тоқсанында "Қазхром "ТҰК" АҚ филиалы Ақсу ферроқорытпа зауытының РОК-2 қазандығында атмосфераға шығарындыларды рұқсат етілген нормалардан 663,67 тонна көлемінде асып кетуі тіркелді, бұл экологиялық заңнаманы өз кезегінде бұзу фактісі болып табылады.
Аталған, заң бұзушылық бойынша Павлодар облысының экология департаменті 854 млн.теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданды. Айыппұл мемлекет кірісіне толық көлемде өндірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.06.2025, 17:23 45731
Қазақстан Президенті Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Қазақстан Президенті Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Ахмедабад қаласы әуежайының маңында болған жолаушылар ұшағы апатынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.
Қазақстан Президенті әуе апатынан қайтыс болған азаматтардың отбасылары мен жақындарын сабырға шақырып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетулеріне тілектестік білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.05.2025, 16:39 73656
Павлодар облысында полицейлер тұрғынды құтқарып қалды
Павлодар облысында полицейлер тұрғынды құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz баспасөз қызметінен.
Екібастұзда 9 қабатты үйдің төбесінен секірмек болған тұрғын құтқарылды. Оқиға 30 мамырда сағат 19.30 шамасында болған.
Патрульдік полицейлер қызмет барысында М.Әуезов көшесіндегі 9 қабатты үйдің төбесінде ер адамды байқаған. Осыдан кейін олар дереу шатырға көтеріліп, ер адамды құтқаруға асықты. Тәртіп сақшылары оны бірден ұстап қалып, қауіпсіз жерге шығарды.
Қазір 36 жастағы азаматтың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.05.2025, 10:41 86051
Қазақстанда жыл басынан бері 60 бала терезеден құлаған
Жылы мезгілдің басталуымен, сондай-ақ жазғы мектеп демалысы кезінде жыл сайын осындай оқиғалар саны артады. Ағымдағы жылдың басынан бастап ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығына балалардың терезеден құлауына байланысты 60 жазатайым оқиға (19.05.2025 жылғы жағдай бойынша) туралы ақпарат келіп түсті. Бес бала оқиға орнында қайтыс болды, 55 бала түрлі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
2024 жылы осындай 196 оқиға тіркелді. Әдетте, тәуекел аймағында - ересектердің қарауынсыз қалған 2 жастан 13 жасқа дейінгі балалар. Көбінесе қайғылы оқиғалар балалар москит торларына сүйенген кезде орын алады, себебі бұл торлар салмаққа шыдамайды.
Ведомство басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің барлық өңірлерінде профилактикалық жұмыстар күшейтілді. Құтқарушылар,ата-аналармен кездесу кезінде және балалар мекемелерінде рейдтер, профилактикалық іс-шаралар өткізеді.
Азаматтардың тәуекелдер туралы хабардарлығын арттыру үшін ақпараттық ресурстар белсенді түрде тартылуда.
Төтенше жағдайлар министрлігі барлық ата-аналар мен балалардың заңды өкілдерін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады:
Балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
Москит торларына сенбеңіз - олар баланы ұстап қалмайды;
Терезелерге арнайы бекіткіштер мен блокаторларды орнатыңыз;
Бала терезе алдына шыға алмас үшін, терезе маңындағы жиһаздарды алып тастаңыз.
Әрбір қайғылы оқиғаның алдын алуға болады.
Балалардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік ересектерге жүктеледі.
Балаларға қамқор болыңыз. Біз үшін әрбір өмір маңызды!
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.05.2025, 18:02 96906
Алматыда болған өрт кезінде он екі адам құтқарылды
1946 ж.т. кейуана жану заттарымен уланып, ауруханаға жатқызылды
Алматы қаласының Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағын ауданында орналасқан тұрғын кешендердің бірінде 4-қабаттағы пәтердің балконында өрт орын алып, жалын жоғарғы қабаттың балконына ауысқан, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тығыз отырғызылған ағаштар мен кіреберіс жолдардың жоқтығына қарамастан өрт сөндірушілердің кәсіби командасы өртті автомобиль сатысынан лафет оқпанын беру арқылы сөндірді.
ТЖД күшімен баспалдақ маршымен құтқару қалпақшасының көмегімен 12 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылды. 1946 ж.т. кейуана жану заттарымен уланып, ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
26.06.2025, 19:36Қырғыз авиакомпаниясы Алматы - Ыстықкөл рейстерін іске қосады 24.06.2025, 14:21 61191Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті24.06.2025, 14:12 61091Астанада Қазақстанда сутекті энергетиканы дамытудың перспективалары талқыланды23.06.2025, 18:23 54341МКК және Қытайдың Polyking компаниясы инвестициялар мен цифрлық логистиканы дамыту мәселелерін талқылады25.06.2025, 19:21 51606Астанада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті
02.06.2025, 17:03 155481Алматыда "Алма-Арасан" бұлағына бару уақытша шектеледі04.06.2025, 14:09 150106Құрбан айттағы ХҚКО мен арнайы ХҚКО жұмыс кестесі белгілі болды05.06.2025, 17:53 134916Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 37,3 млрд АҚШ долларына жетті03.06.2025, 14:47 134681Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды05.06.2025, 17:14 134066Қазақстан Бахрейнге әуе қатынасы ашты