26.01.2023, 14:23 39111

Астанада сот ҰҚК қызметкерлерін азаптау ісі бойынша қамауға алуға санкция берді

Астанада сот ҰҚК қызметкерлерін азаптау ісі бойынша қамауға алуға санкция берді
Сурет: Depositphotos
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілмейді

Астана. 26 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Астанадағы тергеу изоляторында тұтқындарды азаптады деген күдікке ілінген ҰҚҚ қызметкерлері екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Астана сотының баспасөз қызметі.

Астана қаласы Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының мәліметінше, 25 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті подполковник Еркін Аманов, майор Хамит Абдуғали, ҰҚҚ Шекара қызметінің қызметкері, капитан К.Б.Сартаевтқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын бекітті.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері ҚР ҚП кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны