03.06.2024, 12:16 93296

Астанада жедел жәрдем қызметкеріне пышақпен шабуыл жасаған мас азамат ұсталды

Астанада жедел жәрдем қызметкеріне пышақпен шабуыл жасаған мас азамат ұсталды
Сурет: gov.kz
Астанада мас күйде болған ер адам жедел жәрдем қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады. Өткен демалыс күндері 103 пультіне жеделдіктің 3-ші санаты бойынша қоңырау түсті. Жедел жәрдем бригадасын әйел адам шақырды. Көрсетілген мекенжайға келген уақытта дәрігерлер мас күйінде озбырлық танытқан ер адамды байқады. Жедел жәрдем қызметкері медициналық тексеруге кіріскенде, ер адам фельдшерді ұстап алып, оны бөлмеге сүйреп апарды да, фельдшердің тамағына пышақ қойып жабылды. Екінші фельдшер бұл туралы "Алматы" ауданының кіші станциясының аға дәрігеріне хабарлап, полиция шақырды. Фельдшер полиция қызметкерлері келгенге дейін шабуылдан жалтарып үлгерді. Шабуыл нәтижесінде фельдшер де, оған шабуыл жасаған адам да жарақат алған жоқ, - деп хабарлады елорданың денсаулық сақтау басқармасынан. Полиция қызметкерлері ер адамды ұстап алды. Айта кету керек, елордада адамдарды құтқару үшін көмекке келген жедел жәрдем қызметкерлерінің өздеріне қауіп төнетін мұндай жағдай жалғыз емес. Тек 2024 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында осындай тоғыз жағдай тіркелді. Басқарма қала тұрғындарын медицина қызметкерлерінің еңбегіне құрмет көрсетіп, оларға қатысты агрессивті әрекеттерден аулақ болуға шақырады. Жедел жәрдем қызметкерлерінің басты мақсаты - шұғыл медициналық көмек көрсету және пациенттердің өмірін сақтау екенін түсіну маңызды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны