27.02.2024, 12:56 55591

Атырау мұнай өңдеу зауытында қондырғы коллекторынан ақау шықты

Қазір жөндеу жұмысы қолға алынды
Атырау мұнай өңдеу зауытында қондырғы коллекторынан ақау шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Атырау мұнай өңдеу зауытындағы бутенді олигомеризациялау қондырғысының коллекторында сұйықтық төгілгені анықталған. Қазір жөндеу жүріп жатыр.

Зауыттың қоғаммен байланыс бөлімінің мәліметіне сүйенсек, кеше, 26 ақпанда жергілікті уақытпен сағат 18:30-да бутенді олигомеризациялау қондырғысындағы бензин коллекторында ақау шыққан.

Өнімді тез ығыстыру үшін бұл желіге 15 кгс/кв см қысыммен су жіберілді. Қазір жөндеу жұмысы қолға алынды. Барлық технологиялық қондырғы қалыпты жұмыс істеп тұр. Мұнай өнімдерін өндіру және жөнелту жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады қоғаммен байланыс бөлімінен.


Еске сала кетелік, бұдан бұрын "ҚазМұнайГаз" комиссиясы Атырау мұнайын өңдеу зауытын тексеруді бастаған еді.

Тексеру қорытындысымен Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры мен бас инженері қызметінен босатуға шешім қабылданды.

Кейін зауыттың бас инженері тағайындалды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны