23.05.2024, 11:53 77596

Атырау облысының Махамбет ауданында бөгет бұзылды: тұрғындар эвакуациялануда

Сағат 01.20-да ескерту сирена қосылып, ауыл тұрғындарын мектеп ғимаратына, сондай-ақ аудан орталығына эвакуациялау басталды
Атырау облысының Махамбет ауданында бөгет бұзылды: тұрғындар эвакуациялануда
Махамбет ауданындағы Жалғансай ауылында халықты толық эвакуациялау басталды, сирена қосылды, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабынан.

Махамбет ауданы, Жалғансай ауылында түн ортасына жақын тұрғызылған бөгет бұзылды.

Қазіргі уақытта ауылдық медициналық пункттің су басу қаупі бар.

Сағат 01.20-да ескерту сирена қосылды. Ауыл тұрғындарын мектеп ғимаратына, сондай-ақ аудан орталығына эвакуациялау басталды.

Жағдайды тұрақтандыру үшін аудан орталығынан қосымша күштер тартылды. Қазіргі уақытта қауіпті жою үшін 15 бірлік техника мен ҚМ жеке құрамының 50 сарбазы жұмылдырылды. Төтенше жағдай орнында облыс әкімі барды.

Айта кетейік, Жалғансай ауылы Махамбет ауылының аудан орталығынан 15 шақырым қашықтықта орналасқан. Жалғансай ауылының халқы-1286 адам. Үйлердің саны - 237.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны