28.10.2024, 11:47 536

Атыраудағы сауда орталықтарының өрт болды

Атыраудағы сауда орталықтарының өрт болды
Атыраудағы сауда орталықтарының өрт болды, деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

2024 жылғы 27 қазанда сағат 18:37 шамасында Атырау қаласы Б. Құлманов көшесінің бойында орналасқан сауда ойын-сауық кешенінің бірінде түтін шыққаны туралы шақырту түсті.

Атырау облысы ТЖД күштері дереу оқиға орнына жетіп, 80 адамды оның ішінде 45 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Алдын ала мәліметтер бойынша өрт балаларға арналған киім дүкенінің қоймасынан басталған.

Оқиға орнында штаб құрылып, өртті сөндіру жұмыстары жүргізілді.

Өрт сағат 21:58-де оқшауланып, сағат 22:50 де толықтай жойылды.

Өрттің жалпы ауданы шамамен 1000 шаршы метрді құрады.

Өрттің шығу себептері алдын ала болжам бойынша тоқ желісінің қысқа тұйықталуы.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 2 шақырту бойынша күштер тартылып, жалпы саны 92 жеке құрам және 12 бірлік техника жұмылдырылды.

Сонымен қатар оқиға орнында Департаменттің психолог мамандары эвакуацияланған адамдарға және кәсіпкерлерге психологиялық көмек көрсетті. Жедел жәрдемнің 2 бригадасы, "Апаттар медицинасы орталығы" ММ 4 қызметкері, Полиция департаментінің 50 қызметкері, 23 бірлік техникасы және шұғыл әрекет ету мекемелері жұмыс жасады.

Орын алған өрт оқиғасына байланысты, 27 қазаннан бастап Атырау облысы ТЖД дағдарыс орталығында 45-14-75 нөмірі арқылы қауырт желі іске қосылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны