16.07.2021, 21:48 20081

Қазақстанда вакцинация паспорттары мен ПТР-тесттерді қолдан жасау бойынша 65 қылмыстық іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН. 16 ШІЛДЕ - Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары жалған ПТР-анықтамалар мен вакцинация паспорттарын сату фактілерін анықтау бойынша түрлі жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, тергеу бөлімшелерінің өндірісінде ПТР-тестілерді қолдан жасау, дайындау немесе өткізу бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша 42 қылмыстық іс болған, оның ішінде 39-ы ағымдағы жылы тіркелген.
 

Вакцинация паспорттарын қолдан жасау фактілері бойынша ағымдағы жылы 23 қылмыстық іс тіркелді, олар бойынша тергеу жалғасуда", - деп хабарлады ведомствода.

 
Жалған құжаттардың саны мен әр іс бойынша заңға қайшы әрекеттерге қатысушылардың саны әр түрлі және тергеу нәтижелері бойынша нақты анықталатыны атап өтілді.
 
ІІМ жалған құжат жасағаны үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу көзделгенін еске салады. 
 
Бұған дейін ІІМ вакцинация паспортын немесе ПТР-тест нәтижесін "сатып алғысы" келетін азаматтарды алдап жүрген интернет-алаяқтар туралы ескертті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны