05.08.2022, 15:32 12816

Қазақстандық кәсіпкерлер егін жинау жұмыстарына бөлінген дизель отынын қайта сатқан

ҚМА жанар-жағармайға қатысты алыпсатарлықтың алдын алу мақсатында барлық өңірде жан-жақты тексеру жүргізіп жатыр.
Қазақстандық кәсіпкерлер егін жинау жұмыстарына бөлінген дизель отынын қайта сатқан
НҰР-СҰЛТАН. 5 ТАМЫЗ - ҚР Қаржы мониторингі агенттігі егін жинауға жеңілдікпен бөлінген дизель отынын қайта сату фактілерін анықтады.
 
Агенттік жанар-жағармайға қатысты алыпсатарлықтың алдын алу мақсатында барлық өңірде жан-жақты тексеру жүргізіп жатыр.
 

Бүгінде жалған жүк жөнелтілім құжаттарын қолданып, мұнай өнімдерінің өзге атауын көрсете отырып жанар-жағармай материалдарын экспорттау фактілері анықталды. Кейбір жағдайларда алақол кәсіпкерлер егін жинауға жеңілдікпен бөлінген дизель отынын қайта сатумен айналысқан", - делінген баспасөз мәліметінде.

 
Агенттік жанар-жағармай материалдарын республикадан тыс жерлерге заңсыз сату немесе әкету фактілері туралы, уәкілетті органдар мен ұйымдардың қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілері туралы ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне немесе оның аумақтық департаменттеріне тәулік бойы істейтін сенім телефондарына хабарлауды сұрайды.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны