20.02.2024, 20:17 48351

Қазақстанның 10 өңірінде су басу қаупі бар - ТЖМ басшысы

Қазақстанның 10 өңірінде су басу қаупі бар - ТЖМ басшысы
Сурет: ТЖМ
ТЖМ басшысы Үкімет отырысында елімізде ағымдағы су тасқыны жағдайы біршама тұрақталғанын атап өтті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта елді мекендерді су басудың 12 фактісі және автожолдарды су шаюы тіркелген. Мәселен қаңтар және ақпан айларында Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Абай, Атырау, Ақтөбе облыстарында температураның күрт ауытқуы мен қардың көп еруіне байланысты 15 аула аумағы, 29 саяжай учаскесі, 13 көше су астында қалып, жолдарды су шайды.

Елді мекендерге су тасқыны қаупін азайту бойынша іс-шараларды алдын ала жүргізу қажет. Бұл қарды уақтылы шығару, өзендерде жарылыс жұмыстарын жүргізу, елді мекендерді үйемелеу, техника мен адамдарды, инертті материалдарды, жинау пункттерін және халыққа арналған бірінші кезекте қажетті тиісті құралдарды дайындау.

Сонымен қатар Қазгидрометтің ақпан және наурыз айларының соңындағы алдын ала болжамына сәйкес мол жауын-шашын түсуі мүмкін.

Осыған байланысты, 10 өңірдің елді мекендерін су басу қаупі бар. Атап айтқанда, тау суларының ағыны салдарынан: Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстары; қардың көп еруіне байланысты: Батыс Қазақстан, Ақмола, СҚО, Қарағанды, Павлодар және Қостанай өңірлері.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны