13.02.2023, 11:17 17421

Қазақстанның алты облысында электр энергиясы апатты түрде сөндірілді

Қазақстанның алты облысында электр энергиясы апатты түрде сөндірілді
Апаттық сөндірулер Ұлытау облысы мен Алматы қаласының тұрғындарына да әсер етті

Астана. 13 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - 2023 жылғы 13 ақпанда сағат 09:23-те технологиялық қорғану әрекетімен 500 кВ Екібастұз - Ағадыр Ж-5170 электр жеткізу желісі авариялық түрде ажыратылды, деп хабарлайды "KEGOC" АҚ.

Бұл Алматы, Жамбыл, Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарын энергиямен жабдықтауда шамамен 600 МВт (тұтынудың шамамен 10%) көлемінде шектеулер әкелді", - делінген хабарламада.


 "KEGOC" АҚ электр желілерінің аварияға қарсы автоматикасы штаттық режимде іске қосылды, соның арқасында Қазақстанның оңтүстік және орталық өңірлерінде толық ажыратуға жол берілмеді.

Қазіргі уақытта ажыратылған тұтынушыларды электрмен жабдықтауды қалпына келтіру мақсатында оңтүстік өңірдің электр станцияларының жүктемесін толықтай көтеру жұмыстары жүргізілуде. Электр жеткізу желісіндегі зақымдануды анықтау және жою үшін жөндеу бригадаларының шығуы ұйымдастырылды", - деп қосты баспасөз қызметі.


13.02.2023, 11.35 толықтырылды

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінде атап өткендей, апаттық сөндірулер Ұлытау облысы мен Алматы қаласының тұрғындарына да әсер етті.

Зақымдану орнын анықтау үшін "KEGOC" АҚ мамандандырылған бригадасы шықты. Сондай-ақ Жамбыл ГРЭС-ін және Мойнақ ГЭС-ін қосымша жүктеу бойынша шаралар қабылданды. Қазіргі уақытта ажыратылған тұтынушыларды кезең-кезеңімен қосу жүргізілуде", - делінген ведомствоның хабарламасында.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны