15.04.2024, 11:46 25761

Қазақстанның үш облысында автожолдарды тасқын су басты

Қазақстанның үш облысында автожолдарды тасқын су басты, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол компаниясының баспасөз қызметінен.

2024 жылғы 15 сәуірдегі сағат 09:00 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 9 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 5280 метр болатын су тасқыны орын алды", деп көрсетілген хабарламада.


5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолдарында (ұзындығы 421 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 417 бірлік техника мен 523 адам жұмылдырылған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны