09.12.2022, 12:30 26401

"Азаматтарға арналған үкімет" МК Антикордың автомобильдерді заңсыз тіркеу туралы хабарламасына түсініктеме берді

"Азаматтарға арналған үкімет" МК Антикордың автомобильдерді заңсыз тіркеу туралы хабарламасына түсініктеме берді
Сурет: gov4c.kz
Мемлекеттік корпорация көліктерді тіркеу барысында тек құжаттарды қабылдаушы ғана болып қызмет атқарады

Астана. 9 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мемлекеттік корпорация мен бірнеше тұлға шетелден әкелінген көліктерді алымдар мен төлемдерсіз заңсыз рәсімдеумен айналысқаны туралы хабарламасына жауап берді.

Мемлекеттік корпорацияның Астана қаласы бойынша филиалының директоры Мәди Садановтың айтуынша, мемлекеттік корпорация көліктерді тіркеу барысында тек құжаттарды қабылдаушы ғана болып қызмет атқарады.

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлері азаматтардың өтініштерін қабылдап, бірыңғай тіркеу тәртібіне сәйкес мемлекеттік органға жолдайды. Одан кейін электрондық өтініштерді қарау Полиция департаментінің процессингтік орталығының құзыретіне өтеді. Аталған орталықтың уәкілетті мамандары көліктің иесі мен көлік құралының заңдастырылған құжаттарының іздестірілуде (шектеулер, ауыртпалықтар) бар-жоғын, электронды өтініш пен сканерленген құжаттарды салыстыру арқылы олардың дұрыстығын тексереді. Берілген өтінішті мақұлдау немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайтын "WEB-модуль" сервистік орталығы да Полиция департаментіне тиесілі", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.


Компания Мемлекеттік корпорация қызметкерлері құжаттардың толық пакетін қабылдауға ғана жауапты екенін және құжаттардың түпнұсқалығын анықтау бойынша құқықтық талдау жүргізбейтінін атап өтті.

Осылайша, Мемлекеттік корпорация қызметкерлері Көлiк құралдарының кейбiр түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидаларына сәйкес көлік иелерін тұлғалық сәйкестендіру арқылы құжаттарын қабылдауды жүзеге асырады. Ал мемлекеттік орган қызметкерлері өтініштерді қабылдауға және олардың заңдылығын тексеруге жауапты", - деп қосты "Азаматтарға арналған үкімет".


Бұған дейін Антикорда автокөліктерді заңсыз тіркеумен айналысатын ҰҚТ қызметінің жолы кесілгені туралы хабарланған болатын. Ведомствоның мәліметінше, топ "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ қызметкерлері мен азаматтық тұлғалардан құралған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны