02.06.2022, 18:33 17976

"ҚазМұнайГаздың" экс-директоры іздеуге жарияланды

"ҚазМұнайГаздың" экс-директоры іздеуге жарияланды
Сурет: ҚР ҚМА
НҰР-СҰЛТАН. 2 МАУСЫМ - "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ бұрынғы басқарушы директоры Ибулла Жұмағұлұлына іздеу жарияланды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.
 

Қаржылық мониторинг агенттігі 31.01.1976 жылы туған "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ бұрынғы басқарушы директоры Серді Ибулла Жұмағұлұлына іздеу жариялады. Азамат И.Серді бір топ адаммен алдын ала келісу арқылы аса ірі мөлшерде басқаның сеніп тапсырған мүлкін жымқырды деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.

 
Іздеудегі Ибулла Жұмағұлұлын көрген немесе ол туралы басқа да ақпарат белгілі болған жағдайда агенттіктің +7 7172 708 478, +7 7172 767 921 сенім телефондарына немесе Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10 мекенжайы бойынша хабарласуға болады.
 
Іздеудегі адамның тұрған жері туралы сенімді ақпарат берген кісіге ақшалай сыйақы белгіленді, анонимдікке кепілдік беріледі.
 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны