02.04.2024, 17:09 42011

Бөрлі өзенінде суға батқан ер адамдарды іздестірілуде

Бөрлі өзенінде суға батқан ер адамдарды іздестірілуде
Сурет: gov.kz
Тракторда Бөрлі өзенінен өту кезінде суда жоғалып кеткен екі азаматты іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Абай облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

Іздестіру жұмыстарына Абай облысы және Жетісу облысы ТЖД ЖҚЖ, полиция департаменті, ЖАО, Қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдарынан, жергілікті тұрғындар, барлығы 63 адам, 4 жүзу құралы, 9 бірлік техника, 2 пилотсыз ұшу аппараты жұмылдырылған. Олар күн сайын сағат 06.00-ден бастап тәуліктің қараңғы уақыты түскенге дейін іздестіру жұмыстарын жалғастыруда.

Жоғалған адамдарды сүңгуірлердің көмегімен іздестіру жұмыстары су айдындарының көктемгі ластануына байланысты су асты көрінуінің нашарлығымен және өзеннің ағыс жылдамдығымен күрделенетінін ескертеміз.

Сонымен қатар, іздестіру жұмыстарына Қорғаныс министрлігі мен 1Қазавиақұтқару1 АҚ тікұшақтары 4 рет тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 26 наурызда сағат 09.29-да "112" пультіне Бөрлі өзенінен өту кезінде екі адамның өзен ортасында трактормен тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Сонымен қатар, куәгерлер бірнеше рет атқа мініп, оларға көмек ұсынған, бірақ белгісіз себептермен жоғалып кеткендер адамдар ұсынылған көмектен бас тартқан және оларды техникамен бірге эвакуациялауды күткен.

Осы уақытта Аягөз қаласының ЖҚЖ құтқарушылары "Шығыс" шаруа қожалығында (Аягөз қаласынан 80 шақырым жерде) іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатқан болатын, онда 23 наурызда өзеннен өтіп бара жатып, атынан құлап, 1977 жылы туған ер адам суға кеткен болатын. Аталған аймаққа жету қиын және онда байланыс жоқ.

Осыған байланысты Бөрлі өзенінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Семей қаласынан күштер мен құралдар жіберілді.

Айта кету керек, жоғалған адамдар көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарына қатысқан азаматтар емес.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны