21.02.2022, 17:42 29521

Биліктің әрекетсіздігі туралы іс бойынша ҚР бұрынғы Қорғаныс министрі ұсталды

Биліктің әрекетсіздігі туралы іс бойынша ҚР бұрынғы Қорғаныс министрі ұсталды
Сурет: Акорда
НҰР-СҰЛТАН. 21 АҚПАН - Биліктің әрекетсіздігі туралы іс бойынша Қазақстан Республикасының бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов ұсталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Бас прокарутасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылғы 19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 452-бабы әрекетсіздік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. 2022 жылғы 20 ақпанда М. К. Бектанов осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп Бас прокуратураның хабарламасында айтылған.


Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Естеріңізге сала кетейік, Президенттің Жарлығымен 2022 жылғы 19 қаңтарда Мұрат Бектанов Қорғаныс министрі қызметінен босатылды. Оның орнына Руслан Жақсылықов келді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны