06.07.2022, 16:22 25121
Дәрігерлер Теңізде зардап шеккен жұмысшылардың жағдайы туралы айтты
Сурет: Depositphotos
Апат кезінде кен орнында 5 жұмысшы зардап шеккен. Екі азамат көз жұмды. Қайтыс болғандардың біреуі оқиға орнында, екіншісі кен орнындағы "ТШО клиникасы" медициналық мекемесінде көз жұмған. Үшінші зардап шегушіні "Теңізшевройл" ЖШС-не қарасты ұшақпен облыстық ауруханаға жеткізілді. Науқасқа қазіргі таңда дәрігерлер сараптама жүргізіп жатыр. Төртінші жарақат алған жұмысшы Жылой аудандық ауруанаға жеткізілді. Ол жамбас тұсынан жабық жарақат алған. Оның жағдайы орташа тұрақты. Бесінші зардап шегушіге кен орнындағы "ТШО клиникасы" медициналық мекемесінің қызметкерлері психологиялық көмек көрсетіп жатыр", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасында.
Еске сала кетейік, Теңіз кен орнындағы жарылыс бүгін, 6 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 09:55 шамасында болған. Кен орнындағы атмосфералық газы бар құбырда гидротест жүргізілген. Қысымға төтеп бере алмаған құбыр жарылып кеткен. Жарылыстың салдарынан оқиға орнында екі жұмысшы көз жұмды. Ал, үш адам әртүрлі дене жарақатын алып, медицина қызметкерлеріне жүгінген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
26.06.2025, 14:31 20301
СҚО газ таситын көлік жарылып, сегіз адамды күйік шалды
СҚО газ таситын көлік жарылып, сегіз адамды күйік шалды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
25 маусымда СҚО ТЖД "101" кезекші қызметінің пультіне Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Ильичевка ауылындағы "Тайынша май" ЖШС аумағында сұйытылған газды тасымалдаған автокөліктің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.
Алдын ала ақпарат бойынша жанармай құю кезінде газгольдердің шлангісі үзіліп, газ тасығыш машина, кейінен жерасты резервуар тіреуіш арматурасы жанды.
Оқиға орнына Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД күштері мен құралдары, сондай-ақ Ақмола облысынан құтқарушылар жедел келді. Күш-жігерді үйлестіру үшін өңіраралық өзара іс-қимыл жоспары іске қосылды.
Оқиға салдарынан 8 адам түрлі дәрежедегі күйік алып, Көкшетау қаласының облыстық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің қарауынан кейін бір адам үйіне жіберілді.
Құтқарушылардың жедел, үйлесімді және кәсіби іс-қимылдарының арқасында 50 ш. м. алаңда өрт сағат 20.57-де толығымен сөндірілді.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 80 адам және 20 бірлік техника, оның ішінде Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының ТЖД, сондай-ақ Тайынша аудандық шаруашылық жүргізу объектілерінің өрт сөндіру бекеттері мен мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелері жұмылдырылды.
Өрттің себептері анықталуда. Оқиға фактісі бойынша СҚО ТЖД сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.06.2025, 18:49 23166
Қазақстандықтар БАӘ мен Катардан елге жеткізіледі: айдың соңына дейін 8 рейс жоспарланған
Бүгін SCAT және Air Astana әуе компаниялары Дубай мен Доха қалаларынан Алматы мен Астанаға 6 рейс орындайды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Таяу Шығысқа ұшулар әлі де алты мемлекеттің (Иран, Израиль, Ирак, Иордания, Сирия және Ливан) әуе кеңістігін айналып өту арқылы жүзеге асырылуда.
Мәселен, Air Astana 25 маусымнан бастап Дубайдан Алматы мен Астанаға, сондай-ақ Дохадан Алматыға ұшатын әуе рейстерін қайта іске қосты. Бүгінгі күнге дейін шегеріліп келген рейстердің жолаушыларын елге қайтару үшін қосымша репатриациялық рейстер де ұйымдастырылады.
SCAT" әуе компаниясы азаматтарды Катар елінен Қазақстанға шығара бастады. "Доха-Алматы" рейсі бүгін Катар уақытымен сағат 07:35-те орындалды. Бортта 213 жолаушы болды. Сондай-ақ, бүгін "Доха-Астана" рейсі орындалады. Борт Дохадан Катардың жергілікті уақытымен сағат 14:30-да ұшады деп жоспарланған. Жолаушылардың саны - 290 адам.
Азаматтарды әкетуге арналған келесі жоспарланған чартерлік рейстер:
27.06.25 Доха-Астана
29.06.25 Доха-Алматы
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.06.2025, 18:01 33301
Израиль мен Ираннан nағы 144 қазақстандық елге оралды
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі үйлестірілген эвакуациялық іс-шаралар шеңберінде Израильден 66 отандасты (Мысыр аумағы арқылы), Ираннан 78 азаматты (Армения арқылы - 73, Әзербайжан - 2, Түрікменстан - 3) шығарды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Иран және Израильдегі қазақстандық дипломаттар өз азаматтарына қажетті консулдық-құқықтық көмекті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда.
ҚР СІМ Израиль, Мысыр және Армения билігіне өз ризашылығын білдіреді, сондай-ақ қазақстандықтарды эвакуациялауға қолдау көрсетіп жүрген ирандық, әзербайжан және түрікмен әріптестеріне қайта алғыс айтады. Бірлескен күш-жігердің арқасында азаматтарымыз үйлеріне аман-есен оралуға мүмкіндік алуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.06.2025, 15:26 56941
"Қазхром"-ға ауаға 700 тоннаға жуық зиянды заттар шығарғаны үшін 854 млн теңгеге айыппұл салды
Павлодар облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының қаулысымен "Қазхром "ТҰК" АҚ-ға қатысты ластаушы заттардың нормативтен тыс шығарынды үшін әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің баспасөз қызметінен.
2025 жылдың 1 тоқсанында "Қазхром "ТҰК" АҚ филиалы Ақсу ферроқорытпа зауытының РОК-2 қазандығында атмосфераға шығарындыларды рұқсат етілген нормалардан 663,67 тонна көлемінде асып кетуі тіркелді, бұл экологиялық заңнаманы өз кезегінде бұзу фактісі болып табылады.
Аталған, заң бұзушылық бойынша Павлодар облысының экология департаменті 854 млн.теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданды. Айыппұл мемлекет кірісіне толық көлемде өндірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.06.2025, 17:23 59966
Қазақстан Президенті Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Қазақстан Президенті Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Ахмедабад қаласы әуежайының маңында болған жолаушылар ұшағы апатынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.
Қазақстан Президенті әуе апатынан қайтыс болған азаматтардың отбасылары мен жақындарын сабырға шақырып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетулеріне тілектестік білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.05.2025, 16:39 87891
Павлодар облысында полицейлер тұрғынды құтқарып қалды
Павлодар облысында полицейлер тұрғынды құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz баспасөз қызметінен.
Екібастұзда 9 қабатты үйдің төбесінен секірмек болған тұрғын құтқарылды. Оқиға 30 мамырда сағат 19.30 шамасында болған.
Патрульдік полицейлер қызмет барысында М.Әуезов көшесіндегі 9 қабатты үйдің төбесінде ер адамды байқаған. Осыдан кейін олар дереу шатырға көтеріліп, ер адамды құтқаруға асықты. Тәртіп сақшылары оны бірден ұстап қалып, қауіпсіз жерге шығарды.
Қазір 36 жастағы азаматтың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.05.2025, 10:41 100286
Қазақстанда жыл басынан бері 60 бала терезеден құлаған
Жылы мезгілдің басталуымен, сондай-ақ жазғы мектеп демалысы кезінде жыл сайын осындай оқиғалар саны артады. Ағымдағы жылдың басынан бастап ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығына балалардың терезеден құлауына байланысты 60 жазатайым оқиға (19.05.2025 жылғы жағдай бойынша) туралы ақпарат келіп түсті. Бес бала оқиға орнында қайтыс болды, 55 бала түрлі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
2024 жылы осындай 196 оқиға тіркелді. Әдетте, тәуекел аймағында - ересектердің қарауынсыз қалған 2 жастан 13 жасқа дейінгі балалар. Көбінесе қайғылы оқиғалар балалар москит торларына сүйенген кезде орын алады, себебі бұл торлар салмаққа шыдамайды.
Ведомство басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің барлық өңірлерінде профилактикалық жұмыстар күшейтілді. Құтқарушылар,ата-аналармен кездесу кезінде және балалар мекемелерінде рейдтер, профилактикалық іс-шаралар өткізеді.
Азаматтардың тәуекелдер туралы хабардарлығын арттыру үшін ақпараттық ресурстар белсенді түрде тартылуда.
Төтенше жағдайлар министрлігі барлық ата-аналар мен балалардың заңды өкілдерін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады:
Балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
Москит торларына сенбеңіз - олар баланы ұстап қалмайды;
Терезелерге арнайы бекіткіштер мен блокаторларды орнатыңыз;
Бала терезе алдына шыға алмас үшін, терезе маңындағы жиһаздарды алып тастаңыз.
Әрбір қайғылы оқиғаның алдын алуға болады.
Балалардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік ересектерге жүктеледі.
Балаларға қамқор болыңыз. Біз үшін әрбір өмір маңызды!
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.05.2025, 18:02 111141
Алматыда болған өрт кезінде он екі адам құтқарылды
1946 ж.т. кейуана жану заттарымен уланып, ауруханаға жатқызылды
Алматы қаласының Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағын ауданында орналасқан тұрғын кешендердің бірінде 4-қабаттағы пәтердің балконында өрт орын алып, жалын жоғарғы қабаттың балконына ауысқан, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тығыз отырғызылған ағаштар мен кіреберіс жолдардың жоқтығына қарамастан өрт сөндірушілердің кәсіби командасы өртті автомобиль сатысынан лафет оқпанын беру арқылы сөндірді.
ТЖД күшімен баспалдақ маршымен құтқару қалпақшасының көмегімен 12 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылды. 1946 ж.т. кейуана жану заттарымен уланып, ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
11.07.2025, 09:44Үкімет Ақтау жылу желілерін қайта жаңартуға 3,6 млрд теңге бөлді 11.07.2025, 11:59 18366Тоқаев Моңғолия Президентін Наадам мерекесімен құттықтады11.07.2025, 12:08 17876Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚХР-ның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті11.07.2025, 10:55 8371Қылмыстық топ басшысы А.Жұмагелдиевтің сыбайласы Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды11.07.2025, 12:02 8111Құны 1,2 млн теңгелік төсек: Қызылорда облысында жұқпалы аурулар ауруханасының есепшісі қаржы жымқырды деген күдікке ілінді
08.07.2025, 14:55 49426Түркістан облысында жаңадан 72 тік дренажды ұңғыма қолданысқа берілді08.07.2025, 17:55 47996Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директорын тағайындады08.07.2025, 17:53 47976Қазақстанда коммуналдық тарифтердің өсуі кейінге қалдырылды09.07.2025, 18:26 44386Астанада Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер іске қосылды08.07.2025, 13:55 40951Қазақстанның бұрынғы бас санитарлық дәрігері Жамбыл облысында жаңа лауазымға тағайындалды
04.07.2025, 19:14 135991Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады04.07.2025, 19:03 135806Жол-құрылыс материалдары мен технологияларының бірыңғай базасы заңнама деңгейінде бекітілді03.07.2025, 13:43 135781"СҚ-Фармация" ЖШС жаңа Басқарма Төрағасы тағайындалды03.07.2025, 18:14 129346Тоқаев транзиттік дәліздердің өткізу қабілетін кеңейту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды13.06.2025, 15:35 1284812025 жылдың басынан бері 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды