19.03.2024, 21:13 29896

Маңғыстау облысында магистральды газ құбырында өрт шықты

Өрттің шығу себебі анықталуда
Маңғыстау облысында магистральды газ құбырында өрт шықты, деп хабарлайды "QazaqGaz" ҰК " АҚ баспасөз қызметінен.

2024 жылдың 18 наурызында шамамен сағат 23.00-де Орталық Азия – Орта - 4 магистралды газ құбыры лупингінің күзетілетін аймағының конденсат жинағышы желісінде газ ауа қоспасы жарылып, арты өртке ұласты.

Сағат 23:13-де келісім бойынша қызмет көрсететін мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі өртті сөндіреді.

Зардап шеккендер жоқ, газ тасымалдау нысандарына залал келмеген, жұмыс штаттық режимде жүріп жатыр.

Өрт халықты газбен қамтамасыз ету және газды тасымалдау жұмыстарына  кедергі келтірмеді. Өрттің шығу себебі анықталуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны