21.06.2022, 15:37 16151
Нұр-Сұлтанның шетінде дала өртін сөндіру жалғасуда
Сурет: Нұр-Сұлтан қ. ТЖД
Құтқарушылар елорданың шетіндегі дала өртіне қарсы күресті жалғастыруда. Қамыстың жануын сөндіруге авиация тартылды.
Кеше, 20 маусымда сағат 15:03-те Қорғалжын тас жолы бойында, үлкен Талдыкөл көлінің ауданында, қол жетімділігі қиын сулы-батпақты жерлердегі ашық аумақта шамамен 6,5 га жалпы алаңда қамыс өртенді. "Астана Орманы" МКК күшімен жанудың периметрі бойынша жер жыртылды. Өрттің "Нұр-Сұлтан қаласының жасыл белдеуіне" таралу қаупі жоқ.
Өртті жоюға ТЖД жеке құрамының 122 адамы және 30 бірлік техникасы мен коммуналдық қызметтер жұмылдырылды. Бүгін сағат 08:09-да Нұр-Сұлтан аэродромынан "Қазавиақұтқару" АҚ-ның МИ-8 ұшып келді", - деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
20.05.2025, 10:41 7351
Қазақстанда жыл басынан бері 60 бала терезеден құлаған
Жылы мезгілдің басталуымен, сондай-ақ жазғы мектеп демалысы кезінде жыл сайын осындай оқиғалар саны артады. Ағымдағы жылдың басынан бастап ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығына балалардың терезеден құлауына байланысты 60 жазатайым оқиға (19.05.2025 жылғы жағдай бойынша) туралы ақпарат келіп түсті. Бес бала оқиға орнында қайтыс болды, 55 бала түрлі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
2024 жылы осындай 196 оқиға тіркелді. Әдетте, тәуекел аймағында - ересектердің қарауынсыз қалған 2 жастан 13 жасқа дейінгі балалар. Көбінесе қайғылы оқиғалар балалар москит торларына сүйенген кезде орын алады, себебі бұл торлар салмаққа шыдамайды.
Ведомство басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің барлық өңірлерінде профилактикалық жұмыстар күшейтілді. Құтқарушылар,ата-аналармен кездесу кезінде және балалар мекемелерінде рейдтер, профилактикалық іс-шаралар өткізеді.
Азаматтардың тәуекелдер туралы хабардарлығын арттыру үшін ақпараттық ресурстар белсенді түрде тартылуда.
Төтенше жағдайлар министрлігі барлық ата-аналар мен балалардың заңды өкілдерін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады:
Балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
Москит торларына сенбеңіз - олар баланы ұстап қалмайды;
Терезелерге арнайы бекіткіштер мен блокаторларды орнатыңыз;
Бала терезе алдына шыға алмас үшін, терезе маңындағы жиһаздарды алып тастаңыз.
Әрбір қайғылы оқиғаның алдын алуға болады.
Балалардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік ересектерге жүктеледі.
Балаларға қамқор болыңыз. Біз үшін әрбір өмір маңызды!
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.05.2025, 18:02 18206
Алматыда болған өрт кезінде он екі адам құтқарылды
1946 ж.т. кейуана жану заттарымен уланып, ауруханаға жатқызылды
Алматы қаласының Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағын ауданында орналасқан тұрғын кешендердің бірінде 4-қабаттағы пәтердің балконында өрт орын алып, жалын жоғарғы қабаттың балконына ауысқан, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тығыз отырғызылған ағаштар мен кіреберіс жолдардың жоқтығына қарамастан өрт сөндірушілердің кәсіби командасы өртті автомобиль сатысынан лафет оқпанын беру арқылы сөндірді.
ТЖД күшімен баспалдақ маршымен құтқару қалпақшасының көмегімен 12 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылды. 1946 ж.т. кейуана жану заттарымен уланып, ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.05.2025, 10:17 39716
Шымкентте пәтер жалдаушының қайтыс болуына байланысты пәтердің иесі сотталды
Шымкентте алғаш рет пәтерді жалға берген иесі қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Шымкент қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
А" есімді азаматша пәтерді газ қызметімен келісімсіз және газ қауіпсіздігі талаптарын сақтамай, жалға берді. Нәтижесінде пәтерде газ ағуы орын алып, пәтерді жалға алушы "Б" көмірқышқыл газымен улану салдарынан қайтыс болды.
2025 жылдың 18 сәуірінде Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты азаматшаны ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы ("Жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу") бойынша кінәлі деп тауып, 4 жыл шартты жаза тағайындап, пробациялық бақылау белгіледі.
Бұл жағдай пәтерді жалға беріп, табыс табатын әрбір азаматтың жалға алғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті бар екенін айқындады. Жауапсыздық ауыр зардаптарға және қылмыстық жауапкершілікке алып соғуы мүмкін.
Қалалық прокуратура заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтынын ескертеді!
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.04.2025, 09:59 51876
Астана тұрғын үй кешенінің ауласынан ҰҚК қызметкерінің мәйіті табылды
Биыл 21 сәуірде Астана қаласындағы тұрғын үй кешенінің ауласынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің мәйіті табылды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметінің баспасөз қызметінен.
Полиция органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Болған оқиғаның мән-жайы нақтылануда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.04.2025, 18:33 57831
Ақмола облысында 80 жастағы қария суға батып кете жаздады
Ақмола облысында полиция қызметкері мен балықты қорғау инспекторы өзенге батып бара жатқан ер адамды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
16 сәуір күні шамамен сағат 17:00-де Ақмола облысында тәртіп сақшылары суға батып бара жатқан адамның өмірін аман алып қалды. Қорғалжын ауданының учаскелік полиция инспекторы А. Габбасов пен Ақмола облысы бойынша балық шаруашылығын бақылау инспекциясы бөлімінің инспекторы Н. Мұхаметжанов бірлескен рейд барысында өзенге батып бара жатқан қарияны құтқарып қалды.
Сабынды ауылы маңындағы "Сабынды гидроторабы" шлюзінде бірлескен рейд жүргізу барысында олар Алғабас ауылы жағынан шамамен 500 метр қашықтықтан көмек сұраған дауысты естіді. Дауыстың шыққан бағытына дереу бет алып, Нұра өзеніне суға батып бара жатқан ер адамды байқады.
Ер адамның су бетінде тек басы ғана көрініп тұрған, әлсіреп, соңғы күшімен көмекке шақырып жатқан. Қызметкерлер еш кідірместен әрекетке көшіп, қызметтік көліктен алынған арқанның көмегімен оны жағаға шығарып алады. Кейін белгілі болғандай, құтқарылған азамат - 80 жастағы қария екен. Киімі су болғандықтан, оның тоңып қалу қаупі жоғары еді. Құтқарушылар дереу оны жылы киіммен орап, Сабынды ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктке жеткізіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қарияның айтуынша, ол өзенге велосипедпен келіп, балық ауламақ болған. Алайда абайсызда тайып кетіп, суға құлап кеткен. Жасы мен су болған киімінің салдарынан өздігінен судан шыға алмаған. Бір сағаттан астам уақыт бойы мұздай суда өмір үшін арпалысқан.
Үлгермейміз бе деп қорықтық. Судың ағысы қатты еді. Қарт кісінің әлі де көрер жарығы бар екен, біз дәл сол сәтте қасында болмағанымызда, қайғылы жағдайға ұласар еді", - дейді полиция қызметкері А. Ғаббасов.
Құтқарушылар барлық балықшыларға су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтауға және жалғыз бармауға кеңес береді. Себебі көктемгі тасқын кезінде тіпті тәжірибелі балықшылардың өзі қауіпке тап болуы мүмкін. Құтқарушылар барлық тұрғындарды, әсіресе балық аулау әуесқойларын сақ болуға шақырады. Көктемгі су тасқыны кезінде өзен-көлдер аса қауіпті. Мамандар су айдындарына жалғыз бармауға, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді. Тіпті тәжірибелі балықшылардың өзі қиын жағдайға тап болуы мүмкін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.04.2025, 15:27 69441
Алматыда қыз баланы жүк көлігімен қағым кеткен жүргізушісі қамауға алынды
Қала прокуратурасы жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс бойынша "Renault" жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішін қолдады, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Новая-Бурундайская көшелерінің қиылысында жүк көлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан жеті жасар қызды қағып кетті, бала сол жерде көз жұмды.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданааралық тергеу соты жүргізушіге қатысты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады.
Баптың санкциясында 5 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Қала прокуратурасы көлік иелерін сақ болуға, жолдарда өзара сыйластық танытып, жол ережесін сақтауға шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.04.2025, 10:43 80106
Шымкентте жасөспірімдер пойыз вагонына жармаспақ болған
Жасөспірімдер пойыз вагонына жармаспақ болды, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінен.
Шымкент қаласының вокзалында жасөспірімдердің теміржол ережелерін өрескел бұзу дерегі тіркелді. "Атырау - Алматы" бағытындағы №42 жолаушылар пойызының жөнелтілуі кезінде үш жасөспірім соңғы вагонға жармасып мінуге әрекет жасаған. Аталған заңсыз әрекет теміржол қауіпсіздігі ережелерін елемеумен қатар, ауыр қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін еді.
Оқиғаны Шымкент магистральдық желі бөлімшесіне қарасты вокзалдың кезекшісі Мейірбек Керімбеков дер кезінде байқап, бірден станция кезекшісі мен желілік полиция қызметкерлеріне хабар берген. Теміржол қызметкерлері мен полицияның жедел әрекетінің арқасында жасөспірімдер ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі таңда олардың жеке тұлғалары анықталып, оқиғаның мән-жайы зерттеліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдануда.
Оқиға салдарынан пойыздың жөнелтілуі бес минутқа кешігіп, құрам сағат 01:28-де қозғалысын қайта жалғастырды.
Ұлттық тасымалдаушы вагонға жармасу сынды әрекеттердің теміржол көлігі қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұзу болып саналатынын және бұл адамның өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретінін қатаң түрде ескертеді. Мұндай құқықбұзушылықтар ауыр жарақаттар мен адам өліміне алып келуі мүмкін.
Қолданыстағы ережелер мен талаптарға сәйкес, жолаушылар пойызға тек вокзалдар мен станцияларда орналасқан арнайы жабдықталған платформалар арқылы ғана міне және түсе алады. Техникалық аймақтарға өтуге, сондай-ақ вагондардың сыртқы бөліктеріне жармасуға қатаң тыйым салынады.
Техникалық аялдамалар кезінде пойыздан шығуға қатаң тыйым салынады. Құрам елді мекеннен тыс жерлерде тоқтаған жағдайда да жолаушыларға сыртқа шығып серуендеуге немесе темекі шегуге рұқсат етілмейді. Аталған шектеулер жолаушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында енгізілген.
Сондай-ақ жолаушыларға теміржол жолдарын белгіленбеген жерлерден кесіп өтуге қатаң тыйым салынады. Теміржол нысандары аумағында мас күйде жүруге де жол берілмейді.
Жолаушылар тасымалы" АҚ ата-аналарға жасөспірімдердің арасында теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін ескертеді. Сонымен қатар, компания азаматтарды қырағылық танытуға және қауіпсіздік талаптарының бұзылғанын байқаған жағдайда, дереу теміржол қызметкерлеріне немесе желілік полицияға хабар беруге шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.03.2025, 13:15 101191
Алматыда 19 жастағы қыз тоғызыншы қабаттан құлап, қаза тапты
Алматы полицейлері 19 жастағы қыздың өлімін тергеп жатыр. Ол тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап кеткен. Қайғылы оқиға қала орталығына жақын орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Оқиға таңертең ерте болған. Өткен түні қыз өзінің жігітімен жанжалдасқан болуы мүмкін. Жанжалдан кейін ол тоғызыншы қабаттағы пәтердің терезесінен қолында телефонмен құлап, қайтыс болды. Марқұм небәрі 19 жаста еді", - делінген хабарламада.
Полицейлер "өзін-өзі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтауда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
23.05.2025, 13:56Таразда 4000-нан астам бала спортпен шұғылдану мүмкіндігінен заңсыз айырылған 23.05.2025, 09:26 14446Қазақстандық шаруалар 2 млн текше метрге дейін еріген қар суын өз бетінше жинай алады23.05.2025, 10:30 14186Түркістан облысында қоқыс полигондарының 70% экологиялық талаптарға сәйкес келмейді23.05.2025, 10:36 12821Аймақтық климат саммиті 2026 жылы Қазақстанда өтеді23.05.2025, 18:22 6446Алматыда мәслихат депутаттары қала әкімін тағайындау үшін шақырылады
20.05.2025, 18:47 80486Мемлекет басшысы Румыния Президенті Никушор Данға құттықтау жеделхатын жолдады21.05.2025, 12:00 62671Су министрлігі елдегі су ресурстарын пайдалану жөніндегі жыл сайынғы Ұлттық есепті жариялап отырады20.05.2025, 18:25 61891Қазақстандықтар телефондарының верификация статусын IMEI арқылы тексере алады21.05.2025, 10:21 60801Еңбек министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін атады21.05.2025, 11:58 59916Рахат-Мәдениет шағын ауданындағы желі құрылысы бойынша әкімдік тексеріс жүргізеді
25.04.2025, 15:23 153651Астанада Қазақстан халқының бірлігі күні қалай атап өтіледі08.05.2025, 14:24 148371Қазақстан Алматы-Қорғас автожолы туралы іс бойынша халықаралық сотта жеңіске жетті08.05.2025, 18:58 146831"Самұрық-Қазына" басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлинмен кездесті08.05.2025, 14:09 145036Ұлттық Банк Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мерейтойлық банкнот шығарады08.05.2025, 17:45 137826Астанада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болады