20.08.2024, 09:23 102151

Қостанай облысында өзенге батып кеткен баланың денесі іздестірілуде

Қостанай облысы ТЖД қызметкерлері осымен екінші тәулік су ағызып әкеткен баланың денесін таппай жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ТЖД мәліметінше, 18 тамызда Козыревка елдімекенінде ер адам мен сегіз жасар бала Тобыл өзені бойындағы жардан өтіп бара жатқан. Кенеттен екеуі де өзенге құлайды. Ер адам судан өз бетімен шыққан, ал баланы су ағыны алып кеткен.

ТЖД мәліметінше, іздестіру жұмыстарына құтқарушылар мен еріктілер тартылып, қайықтар мен дрондар да пайдаланылуда.

19 тамыз, сағат 21-09, бала әлі табылған жоқ", делінген төтеншеліктердің соңғы хабарламасында.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны