15.05.2024, 12:54 57796

Павлодар әкімі мұғалім мен сыныптасына пышақ жұмсаған оқушы көмекке мұқтаж деп есептейді

Павлодар әкімі мұғалім мен сыныптасына пышақ жұмсаған оқушы көмекке мұқтаж деп есептейді, деп хабарлайды Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Бүгін қалалық білім беру нысандарының қауіпсіздігіне арналған жиын өткіздім. Кешегі №14 мектепте болған оқиға жауапты қызметтердің кемшіліктерінен орын алған болуы мүмкін екенін мойындауға тура келеді",- деп мәлім етті әкім.


Сыныптасы мен мұғалімін жарақаттаған бала психологтар мен мұғалімдердің көмегіне мұқтаж болғаны қазір белгілі болып отыр. Мектеп басшылығы мұны байқамаған. Жасөспірім сабаққа пышақты қалай алып кіргенін де ешкім байқамаған. Айта кетерлігі: білім беру мекемесі бұрын террористік лаңкестікке бейім нысан ретінде тексерілген, оның күзетіне қатысты маңызды ескертулер жасалған, бірақ ешкім кемшілікті жоймаған.

Өкінішке орай, мұндай жағдай қаладағы тек осы мектепте ғана қалыптасқан жоқ. Бейнебақылау камераларының жұмысына қатысты мәселелер бар. Бізге ұнамайтыны - мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зейнеткерлік жасқа дейінгі және зейнет жасындағы қарт күзетшілерді тарту үрдісі қалыптасқан. Мектеп директорлары мен білім саласындағы шенеуніктердің оқушылармен болған келеңсіздіктерді жасыру әрекеттері бар.

Бірақ балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың, сондай-ақ оларға қарсы қылмыстардың алдын алу бойынша мемлекеттік органдардың бірлескен, нақты үйлестірілген жұмысы жоқ. Оны ұйымдастыру менің тапсырмаларымның бірі болды.

Білім беру бөліміндегі қорғаншылық және қамқоршылық қызметінің штатын кеңейту шаралары қабылданады. Жиын қорытындысы бойынша қолайсыз отбасылар мен агрессия танытатын балаларды прокурорлар бақылауға алатын болып шешім қабылданды.

Олардың орындалуына сұраныс қатал болады, мен кепілдік беремін.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны