08.04.2024, 18:11 29126

СҚО әкімі өңірдегі су тасқыны жағдайының күрделеніп кеткендігін мәлімдеді

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Гауез Нұрмұхамбетов өңірдегі су тасқыны жағдайының күрделеніп кеткендігін мәлімдеді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Облыста Мемлекет басшысының тапсырмасына сай жұмыс бабымен ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жүр. Бірінші вице-премьер тасқын жағдайына байланысты жиналыс өткізді, стратегиялық маңызы бар нысандар мен бөгеттердің жағдайын тексерді. Құрылыс және жол компанияларының басшыларымен кездесіп, су тасқынына қарсы шараларға қатысуға үндеді. Үлкен су келген ауылдардың тұрғындарымен жүздесіп, мемлекет барлық көмекті жасайтынын жеткізді.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасарының тапсырмасы бойынша бөгеттерді нығайту және оларды ұзарту, күштер мен арнайы техниканың санын көбейту, мобилді топтар құру бойынша жұмыстар атқарылуда.

Өңірде тасқын жағдай күрделі болып барады. Бүгін таңертең Сергеев су қоймасында асып төгілу 415 см құрады. 2017 жылғы тасқынның көрсеткіштерінен әлдеқайда асып түсті. Сондықтан, елді-мекендер мен облыс орталығын судан қорғау үшін күні-түні іс-қимылдар жасалуда. Ең бастысы тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру және мүлікті сақтауға, үлкен судың келе жатқаны туралы дер кезінде ақпарат беруге көп көңіл бөлу керек", - деп жазды СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны