14.02.2024, 14:37 40461

Щучинск қаласындағы әскери колледждің кадеті оқ жарақатынан мерт болды

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталу үстінде
Щучинск қаласындағы әскери колледждің кадеті оқ жарақатынан мерт болды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

2024 жылдың 13 ақпанында Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжінде 1 курс кадеті тәуліктік кезекшілік міндетін өтеуге кірісу барысында бекітілген қарудан өз-өзіне оқ жарақатын жасау нәтижесінде мерт болды", деп көрсетілген хабарламада.


Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталу үстінде. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.
Қорғаныс министрлігінің басшылығы және Әскери колледждің жеке құрамы кадеттің отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны