17.05.2024, 11:42 50171

Семейде әпкелі-інілі екі жасөспірім жоғалып кетті: бір жарым айдан кейін қыздың денесі табылды

https://t.me/POLICE_of_KZ/12329
Інісі мен әпкесі Семейде жоғалып кетті: бір жарым айдан кейін қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласы тұрғынының 16 және 18 жастағы балалары хабар-ошарсыз кеткені туралы мәлімдемесіне сәйкес, жоғалған жасөспірімдерді іздеуге Семей полиция гарнизоны көтерілді.

Іздеу іс-шаралары Ұлттық ұланның, полицияның, құтқарушылардың, еріктілердің, сондай-ақ белсенді азаматтардың күштері мен құралдарын тарта отырып жүргізілуде.

15 мамырда 18 жасар қыздың денесі "Құрылысшы" профилакториясының маңында суда табылды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Кәмелетке толмаған баланы іздеу жалғасуда.

- Туыстарына және жақындарына қайғырып көңіл айтамын, - Абай облысы ПД бастығы Бектөре Сұлтан.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны