07.06.2022, 15:52 17981
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет $1 млн бопсалаған алаяқтар тобын әшкерелеу бойынша арнайы операция өткізді
Сурет: pexels.com
Алаяқтар тобының құқыққа қарсы әрекеттері фирманың өкілінен 600 мың АҚШ долларын алу сәтінде ұсталды. Соттың санкциясымен қылмысты ұйымдастырушыға қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде. Топтың ұқсас қылмыстар жасауға қатыстылығы тексерілуде.
Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
20.06.2025, 18:01 776
Израиль мен Ираннан nағы 144 қазақстандық елге оралды
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі үйлестірілген эвакуациялық іс-шаралар шеңберінде Израильден 66 отандасты (Мысыр аумағы арқылы), Ираннан 78 азаматты (Армения арқылы - 73, Әзербайжан - 2, Түрікменстан - 3) шығарды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Иран және Израильдегі қазақстандық дипломаттар өз азаматтарына қажетті консулдық-құқықтық көмекті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда.
ҚР СІМ Израиль, Мысыр және Армения билігіне өз ризашылығын білдіреді, сондай-ақ қазақстандықтарды эвакуациялауға қолдау көрсетіп жүрген ирандық, әзербайжан және түрікмен әріптестеріне қайта алғыс айтады. Бірлескен күш-жігердің арқасында азаматтарымыз үйлеріне аман-есен оралуға мүмкіндік алуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.06.2025, 15:26 24416
"Қазхром"-ға ауаға 700 тоннаға жуық зиянды заттар шығарғаны үшін 854 млн теңгеге айыппұл салды
Павлодар облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының қаулысымен "Қазхром "ТҰК" АҚ-ға қатысты ластаушы заттардың нормативтен тыс шығарынды үшін әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің баспасөз қызметінен.
2025 жылдың 1 тоқсанында "Қазхром "ТҰК" АҚ филиалы Ақсу ферроқорытпа зауытының РОК-2 қазандығында атмосфераға шығарындыларды рұқсат етілген нормалардан 663,67 тонна көлемінде асып кетуі тіркелді, бұл экологиялық заңнаманы өз кезегінде бұзу фактісі болып табылады.
Аталған, заң бұзушылық бойынша Павлодар облысының экология департаменті 854 млн.теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданды. Айыппұл мемлекет кірісіне толық көлемде өндірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.06.2025, 17:23 27441
Қазақстан Президенті Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Қазақстан Президенті Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Ахмедабад қаласы әуежайының маңында болған жолаушылар ұшағы апатынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.
Қазақстан Президенті әуе апатынан қайтыс болған азаматтардың отбасылары мен жақындарын сабырға шақырып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетулеріне тілектестік білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.05.2025, 16:39 55366
Павлодар облысында полицейлер тұрғынды құтқарып қалды
Павлодар облысында полицейлер тұрғынды құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz баспасөз қызметінен.
Екібастұзда 9 қабатты үйдің төбесінен секірмек болған тұрғын құтқарылды. Оқиға 30 мамырда сағат 19.30 шамасында болған.
Патрульдік полицейлер қызмет барысында М.Әуезов көшесіндегі 9 қабатты үйдің төбесінде ер адамды байқаған. Осыдан кейін олар дереу шатырға көтеріліп, ер адамды құтқаруға асықты. Тәртіп сақшылары оны бірден ұстап қалып, қауіпсіз жерге шығарды.
Қазір 36 жастағы азаматтың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.05.2025, 10:41 67761
Қазақстанда жыл басынан бері 60 бала терезеден құлаған
Жылы мезгілдің басталуымен, сондай-ақ жазғы мектеп демалысы кезінде жыл сайын осындай оқиғалар саны артады. Ағымдағы жылдың басынан бастап ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығына балалардың терезеден құлауына байланысты 60 жазатайым оқиға (19.05.2025 жылғы жағдай бойынша) туралы ақпарат келіп түсті. Бес бала оқиға орнында қайтыс болды, 55 бала түрлі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
2024 жылы осындай 196 оқиға тіркелді. Әдетте, тәуекел аймағында - ересектердің қарауынсыз қалған 2 жастан 13 жасқа дейінгі балалар. Көбінесе қайғылы оқиғалар балалар москит торларына сүйенген кезде орын алады, себебі бұл торлар салмаққа шыдамайды.
Ведомство басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің барлық өңірлерінде профилактикалық жұмыстар күшейтілді. Құтқарушылар,ата-аналармен кездесу кезінде және балалар мекемелерінде рейдтер, профилактикалық іс-шаралар өткізеді.
Азаматтардың тәуекелдер туралы хабардарлығын арттыру үшін ақпараттық ресурстар белсенді түрде тартылуда.
Төтенше жағдайлар министрлігі барлық ата-аналар мен балалардың заңды өкілдерін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады:
Балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
Москит торларына сенбеңіз - олар баланы ұстап қалмайды;
Терезелерге арнайы бекіткіштер мен блокаторларды орнатыңыз;
Бала терезе алдына шыға алмас үшін, терезе маңындағы жиһаздарды алып тастаңыз.
Әрбір қайғылы оқиғаның алдын алуға болады.
Балалардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік ересектерге жүктеледі.
Балаларға қамқор болыңыз. Біз үшін әрбір өмір маңызды!
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.05.2025, 18:02 78616
Алматыда болған өрт кезінде он екі адам құтқарылды
1946 ж.т. кейуана жану заттарымен уланып, ауруханаға жатқызылды
Алматы қаласының Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағын ауданында орналасқан тұрғын кешендердің бірінде 4-қабаттағы пәтердің балконында өрт орын алып, жалын жоғарғы қабаттың балконына ауысқан, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тығыз отырғызылған ағаштар мен кіреберіс жолдардың жоқтығына қарамастан өрт сөндірушілердің кәсіби командасы өртті автомобиль сатысынан лафет оқпанын беру арқылы сөндірді.
ТЖД күшімен баспалдақ маршымен құтқару қалпақшасының көмегімен 12 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылды. 1946 ж.т. кейуана жану заттарымен уланып, ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.05.2025, 10:17 100126
Шымкентте пәтер жалдаушының қайтыс болуына байланысты пәтердің иесі сотталды
Шымкентте алғаш рет пәтерді жалға берген иесі қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Шымкент қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
А" есімді азаматша пәтерді газ қызметімен келісімсіз және газ қауіпсіздігі талаптарын сақтамай, жалға берді. Нәтижесінде пәтерде газ ағуы орын алып, пәтерді жалға алушы "Б" көмірқышқыл газымен улану салдарынан қайтыс болды.
2025 жылдың 18 сәуірінде Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты азаматшаны ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы ("Жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу") бойынша кінәлі деп тауып, 4 жыл шартты жаза тағайындап, пробациялық бақылау белгіледі.
Бұл жағдай пәтерді жалға беріп, табыс табатын әрбір азаматтың жалға алғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті бар екенін айқындады. Жауапсыздық ауыр зардаптарға және қылмыстық жауапкершілікке алып соғуы мүмкін.
Қалалық прокуратура заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтынын ескертеді!
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.04.2025, 09:59 112286
Астана тұрғын үй кешенінің ауласынан ҰҚК қызметкерінің мәйіті табылды
Биыл 21 сәуірде Астана қаласындағы тұрғын үй кешенінің ауласынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің мәйіті табылды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметінің баспасөз қызметінен.
Полиция органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Болған оқиғаның мән-жайы нақтылануда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
20.06.2025, 12:43Түркістан облысында суармалы судың тапшылығын шешу үшін жаңа су қоймалары салынуда 20.06.2025, 10:47 19431Премьер-министр вегетациялық кезеңде су тәуекелдерін басқару жөніндегі өңірлік штабтар құруды тапсырды20.06.2025, 12:52 19201Air Astana Атыраудан Дубайға қатынайтын рейстерді уақытша тоқтатты20.06.2025, 13:00 18671Жасанды интеллект тергеушілерге көмектеседі: ІІМ пилоттық жобаны іске қосты20.06.2025, 10:04 8601Шығыс Қазақстан мен Тверь облысы ПХЭФ-2025 меморандумына қол қойды
16.06.2025, 10:46 69251Еркін Тұқымов ҚР Президентінің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі болып тағайындалды17.06.2025, 10:35 63946Алматы қаласында SIM KIDS жобасы ресми түрде іске қосылды17.06.2025, 10:29 63621Қазақстан мен Қытай сейсмикалық қауіпсіздік орталығын құрады16.06.2025, 19:08 55931Астанадағы Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының туризм жылының ашылу рәсімі өтті16.06.2025, 17:55 55476Шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 90%-дан асты
23.05.2025, 16:58 170446ҚТЖ балаларды пойызда тасымалдау ережелерін еске салды02.06.2025, 17:03 134021Алматыда "Алма-Арасан" бұлағына бару уақытша шектеледі05.06.2025, 17:53 132911Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 37,3 млрд АҚШ долларына жетті05.06.2025, 17:14 132861Қазақстан Бахрейнге әуе қатынасы ашты03.06.2025, 14:47 132646Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды