13.12.2021, 19:16 112788

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет: "Астана LRT" ісі бойынша күдіктілерді экстрадициялау қиындады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет: "Астана LRT" ісі бойынша күдіктілерді экстрадициялау қиындады
Сурет: paryz.kz
НҰР-СҰЛТАН. 13 ЖЕЛТОҚСАН - Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет елордада LRT жобаларын іске асыруға бөлінген қаражатты ұрлауды ұйымдастырушылардың іс материалдарында көрсетілген елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековтың және Астана LRT басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Арданның іздестірілуіне қатысты ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлағандай, Астана қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына және LRT, BRT/ITS жобаларын іске асыруға бөлінген ақша қаражатын жымқыру фактілері бойынша өзге де тұлғаларға қатысты қылмыстық іс аясында Т. Арданға және Қ. Сұлтанбековке "қызыл бюллетень" бойынша (қамауға алу және экстрадициялау мақсатында) халықаралық іздеу жарияланды. 
 

Жүргізілген іс-шаралар Т. Арданның Түркияда орналасқандығын анықтады. Сот оны қамауға алу үшін сырттай санкция берді. Осы мемлекеттің құқық қорғау органдары оның орналасқан жерін анықтау және ұстау бойынша іс-шаралар жүргізуде", - деп хабарлады ведомствода.

 
Сонымен қатар, Қ. Сұлтанбековтің АҚШ аумағында екендігі анықталды. Оны ұстау және экстрадициялау туралы өтініштер бірнеше рет жолданды. 
 

Алайда, АҚШ заңы бойынша егер ол көші-қон режимін бұзбаса, қызыл бюллетеннің болуы іздеуде жүрген адамды ұстауға негіз болмайды. Сонымен қатар, біздің азаматты экстрадициялау қылмыскерлерді ұстап беру туралы екіжақты келісімнің болмауымен қиындап отыр. Бұл мәселені уәкілетті орган пысықтайды", - делінген хабарламада.

 
Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы – Интерполдың талаптары мен ережелеріне сәйкес Интерполдың жария веб-сайтында қылмыскерді іздестіру және оларды жариялау туралы мәліметтер зор қоғамдық резонанс тудырған, сондай-ақ қоғамға жоғары қауіп төндіретін (кісі өлтіру, терроризм, экстремизм және т.б.) қылмыстар жасаған адамдарға қатысты жарияланатынын атап өткен жөн.
 
Дәл осы талаптар іздестірілетін адамдарды бәріне қол жетімді тізімге қосуға негіз болады.
 
Жария веб-сайтта мәліметтерді жариялау туралы түпкілікті шешімді Интерполдың Бас хатшылығы (Лион, Франция) қабылдайды.
 
Осылайша, іздестіріліп жатқан адамдардың Қ. Сұлтанбеков пен Т. Арданның жария сайтта болмауы – олардың Интерпол дерекқорында жоқтығын білдірмейді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны